АҚ «АрселорМиттал Теміртау» өкілдерімен кездесу

АҚ «АрселорМиттал Теміртау» өкілдерімен кездесу

2021 жылдың 6 сәуірінде «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» және «Ақпараттық жүйелер» мамандықтарының студенттері АҚ «АрселорМиттал Теміртау» Басты АТО директоры С.Н.Роговпен кездесті.
«АрселорМиттал» тобы әлемдегі жетекші тау-кен металлургия корпорациясы болып табылады, оның 60 елінде кеңселері және 18-інде өндіріс орындары бар.
«АрселорМиттал» корпорациясы автомобиль және құрылыс индустриясына арналған өнімдерді, тұрмыстық техниканы және орамдарды қоса алғанда, болаттан жасалған барлық негізгі өнімдер нарығында көшбасшы болып табылады. Компанияның өнімдері әлемнің 160 елінің нарықтарында ұсынылған. Бұл компания мансаптық баспалдақты біздің елде ғана құруға мүмкіндік бермейді, сонымен қатар басқа елдерде жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта компания біздің университеттің түлектерін келесі қызметтерге шақырады: бизнес-талдаушылар, бағдарламашылар, жүйелік әкімшілер, желілік әкімшілер және т.б. Бұл мамандардың жұмыс бағыттары: қаржылық менеджмент, басқарушылық есеп, жобалық менеджмент, сату, материалдық ағындар, жүйелік әкімшілендіру және т.б.
АҚ «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының өкілі Роговой С.Н. университетімізбен әрі қарайғы ынтымақтастыққа тілектерін білдірді.
Түйіндемені дайындау, осы немесе басқа компаниялармен сұхбаттасуға дайындық туралы сұрақтарыңыз болса, Ресурстық орталыққа хабарласыңыз (107 бөлме). Телефон: +7 (7212) 44 15 68.

 

АҚ «АрселорМиттал Теміртау» өкілдерімен кездесу АҚ «АрселорМиттал Теміртау» өкілдерімен кездесу АҚ «АрселорМиттал Теміртау» өкілдерімен кездесу
Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus