«Жастар арасында рухани-адамгершілік тәрбие»

«Жастар арасында рухани-адамгершілік тәрбие»Бизнес, құқық және технологиялар факультеті деканатаның ұйымдастыруымен Қарағанды облысының конфессияаралық қатынастар мәселелерін зерттеу және талдау орталығының ақпараттық-түсіндіру, талдау, қарсы насихат жұмысы бөлімінің басшысы Далабаева Гульнар Бакенқызымен «Жастар арасында рухани-адамгершілік тәрбие» тақырыбында кездесу өткізілді. Болашақта ел тұтқасын ұстар азаматтардың өнегелі тәрбиесі – бүгінгі күн тәртібінде тұрған мәселелердің бірі. Олардың отансүйгіштік сезімін, асқақ адамгершілік қадір-қасиетін, танымдық көзқарастарын, рухани-адамгершілік құндылықтар арқылы қалыптастыру – үлкен қажеттілік. Кездесуде жастар арасында рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, кез-келген қиындықтан жол таба білуге теориялық тұрғыда негіздеу арқылы әдістемесін жасау тақырыбында сөз қозғалып, студенттермен спикер пікір алмасып, сұрақтарға жауап берді.

 

«Жастар арасында рухани-адамгершілік тәрбие» «Жастар арасында рухани-адамгершілік тәрбие»

 

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus