«Экстремизмнің феминизациясы әлеуметтік феномен ретінде»

«Экстремизмнің феминизациясы әлеуметтік феномен ретінде»26.11.2020 жылы сағат 13.20 -да ҚҚЭУ-нің, Бизнес, құқық және технология факультетінің, «Әлеуметтік жұмыс және ҚХА» кафедрасының ұйымдастыруымен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің «ҚХА және әлеуметтік-саяси пәндер» кафедрасының оқытушысы, әлеуметтік ғылымдар магистрі, «Дінтану» мамандығының PhD докторанты Болысбаева Айнур Канапиевнаның қатысуымен университет студенттері үшін «Экстремизмнің феминизациясы әлеуметтік феномен ретінде» атты тақырыбы бойынша дәрісін оқыды.
Дәрісте Айнұр Канапиевна, деструктивті ағымның құрсауындағы әйелдің қоғамға тигізетін ықпалы, деструкивті ұйымның құрсауындағы әйелдің әлеуметтік-портреті, әйелдердің террористік ұйымдарда атқаратын рөлдері жайында толық мағлұмат берді. Студенттер үлкен қызуғушылық танытып, бірнеше қойылған сұрақтарына жауап алды.
Берілген тақырып, Нұр-Мүбарак Египет Ислам университетінің ф.ғ.д., профессор Затов Қ.А. пен профессор Тим.Б. Хитом Бригам Янг университеті (Прово, Юта штаты АҚШ) жетекшіліктерімен әзірленген.
Өткізілген іс-шараның модераторы «Әлеуметтік жұмыс және ҚХА» кафедрасының аға оқытушысы, PhD доктор Тутинова Н.Е. болды.

 

«Экстремизмнің феминизациясы әлеуметтік феномен ретінде» «Экстремизмнің феминизациясы әлеуметтік феномен ретінде» «Экстремизмнің феминизациясы әлеуметтік феномен ретінде»

 

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus