«Darmen» мобильді қосымшасы

«Darmen» мобильді қосымшасы

Президент өзінің Қазақстан халқына Жолдауларында ең алдымен, болашақта әлемнің дамыған елдерінің инфрақұрылымдарымен бәсеке қабілетті, өзінің тәуелсіз және тиімді телекоммуникациялық қызмет көрсету жүйесін құру міндетін алдыға қойып келеді.
«Денсаулық сақтау және білім беру салалары үшін, сондай-ақ қоршаған ортаны сақтау және жақсарту үшін ақпраттық технологиялардың маңызы зор. Жеңіл қолжетімді және толық іске қосылған телекоммуникациялық жүйенің тағы бір оңды жағы, жолдардың нашар жағдайына, жекелеген өңірлердің шалғайлығына және жолаушылар тасымалына арналған жоғары тарифтерге қарамастан, халықтың ақпаратқа қол жеткізуіне кепілдік болып табылады» , - делінген Президенттің жыл сайынға Жолдауында.
Осыған сәйкес, жыл сайын адам өмірін жақсарту және жайлылық үшін біздің елімізде бағдарламашылар, дизайнерлер, маркетологтар, нақты салалар бойынша мамандар және басқа да мамандар өнідіріске әртүрлі жоғары технологиялық жабдықтарды енгізіп, бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлейді.
Осындай міндеттерді орындай отырып, «12NIK» ЖШС, «Darmen» мобильді қосымшасын әзірледі. «Darmen» қосымшасын әзірлеу үшін, Жапония мен АҚШ-тағы мобильді қосымша арқылы халықты хабардар ету тәжірибесі зерделенді.
Қосымша Android және iOS операциялық жүйелері үшін құрылған және біздің облыс аумағында ТЖ қауіпі және оның туындауы туралы, халықты бірнеше секунд ішінде жаппай хабардар етуге мүмкіндік береді. Осы қосымша «жоғары тиімділікті көрсетіп», 2019 жылдың қараша айынан бастап оны біздің қалалықтар да пайдаланып келеді.
Мектепте сабақ болмайды ма немесе жолдар жабыла ма, қала сыртына шығуға бола ма немесе көктайғақ, боран, бұрқасын бола ма? Осы сәтте қажетті маңызды ақпаратты бірден осы қосымшадан алуға болады. Бұл жерде автобустар, пойыздар мен ұшақтардың кестесі де қолжетімді. Ал кез келген кәсіпкер бизнесін ілгерілету үшін өз компаниясын тіркей алады және пайдаланушыға өзіне баруды броньдауға мүмкіндік береді. «Darmen» қосымшасын, App Store және Play Market ұялы телефондарына арналған қолданбалар дүкендерінен жүктеп алуға болады.
«Darmen» - ең қажетті нәрсенің бәрі қалтаңызда.

 

 

Инструкция

Презинтация

Attachments:
Download this file (Darmen.pdf)Darmen.pdf1037 kB

Азаматтық қорғаныс штабы

 

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus