Пресс-релиз

Пресс-релизҚР БҒМ Ғылым комитетімен "Қазақстан Республикасында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық және қолданбалы мәселелері" тақырыбына ғылыми зерттеу жүргізу туралы келісім-шартты орындау аясында 2020 жылдың 29 ақпанында Қарағанды экономикалық университетінде "Қазақстан және Ресей заңнамасы бойынша көлік қауіпсіздігін қылмыстық-құқықтық қорғау" атты монографиясының тұсаукесері өтті. (Мәскеу, «ЮрЛитИнформ» баспаханасы, 2020). Презентацияны университеттің ЭҚЗ ҒЗИ ұйымдастырды.
Презентацияны монографияның авторлары: з.ғ.д., проф. Бакишев К. А. (КЭУК, Қазақстан) және з.ғ.д., проф. Чучаев А. И. жүргізді (О. Е. Кутафин атындағы ММЗУ, Ресей).
Презентациядан кейін з.ғ.д., проф. А. И. Чучаев "Сот төрелігіне қарсы қылмыстар: теория және құқық қолдану мәселелері" тақырыбында дәріс оқыды.
Презентация мен дәріске Қарағанды қ. оқу орындарының кафедра оқытушылары, студенттері, магистранттары мен докторанттары қатысты.

 

Пресс-релиз Пресс-релиз Пресс-релиз
Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus