Ауғанстаннан Кеңес әскерлерін шығару күні

Ауғанстаннан Кеңес әскерлерін шығару күні1989 жылдың 15 ақпаны-Ауғанстаннан Кеңес әскерлерін шығару күні. Бұл оқиға Кеңес Одағы үшін 15 мыңнан астам кеңес жауынгерлерінің өмірін қиған Ауған соғысының аяқталуын атап өтті.
Осыған байланысты, жастарды азаматтық-патриоттық тәрбиелеу, Отан қорғаушы мәртебесін арттыру, бизнес, құқық және технологиялар факультетінде адамгершілік ұстанымды қалыптастыру мақсатында 14-18 ақпан аралығында Ауғанстаннан әскерлердің шығарылуының 31 жылдығына арналған тақырыптық кураторлық сағаттар ұйымдастырылып, өткізілді.
Кураторлар студенттермен бірге Ауғанстанның Демократиялық Республикасындағы 9-жылдық жауынгер оқиғалары туралы ақпараттық әңгіме өткізіп, бейнефильмдер, слайдтар мен фотосуреттер көрсетілді. Пікірталаста балалар осы соғыстың себептері мен қайғылы салдарларын ашуға тырысты. Студенттер патриоттық әндер айтты, музыкалық аспаптарда ойнады, өлеңдер оқыды.
Іс-шаралар жерлестеріміздің, жауынгерлік іс-қимылдарға қатысушылардың ерліктерін ашуға мүмкіндік берді.

 

Ауғанстаннан Кеңес әскерлерін шығару күні Ауғанстаннан Кеңес әскерлерін шығару күні Ауғанстаннан Кеңес әскерлерін шығару күні

Add comment


Security code
Refresh

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL