«Интернет-маркетингтің заманауи трендтері» платиналық лекциясы

«Интернет-маркетингтің заманауи трендтері» платиналық лекциясы

2018 жылдың 26 қыркүйегінде Қарағанды экономикалық университетінде "Маркетинг және логистика" кафедрасының шақыруы бойынша "Маркетинг" және "Логистика" ОП студенттеріне арналған Flip.kz интернет-дүкенінің маркетинг бөлімінің бастығы, КЭУ түлегі Абрамова Наталья Юрьевна платиналық лекциясы өтті.
Интернет-дүкен Flip.kz Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлем бойынша логистиканың жеке жүйесі бар көшбасшы онлайн-ритейлерлердің бірі болып табылады.
Наталья Юрьевна онлайн - сауданың қазіргі заманғы трендтері, интернет ресурстары жұмысының тиімділігін бағалау әдістері туралы әңгімеледі. Студенттердің интернет - ресурстар арқылы тауарларды жылжыту, маркетинг бөлімдерінің жұмысы және осы компаниядағы жұмысқа орналасу мүмкіндігі мәселелерінде ерекше қызығушылық танытты.
Кездесу қорытындысы бойынша КЭУ және "Flip.kz" интернет-дүкен арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды, студент тәжірибеден өтуге, ал оқытушылар тағылымдамадан өтуге шақыру алды.

 

«Интернет-маркетингтің заманауи трендтері» платиналық лекциясы «Интернет-маркетингтің заманауи трендтері» платиналық лекциясы «Интернет-маркетингтің заманауи трендтері» платиналық лекциясы
Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus