«Стажер» бағдарламасының таныстырылымы

«Стажер» бағдарламасының таныстырылымы

2018 жылдың 27 қыркүйегінде «Eurasia Copper PLC» компаниясы түлектерді және соңғы курс студенттерін «Стажер» бағдарламасымен таныстырды.
«Eurasia Copper PLC» компаниясы – Қазақстан Республикасының тау-металлургиялық және құрылыс салаларының көшбасшысы. Қызметкерлер саны 1 300 адам. Бір қызметкердің орташа айлық еңбек ақысы – 200 000 теңгені құрайды.
Тағылымдама ұзақтылығы:
- диплом алған түлектерге – 1 айдан 3 айға дейін;
- соңғы курс студенттеріне – 3 айдан 6 айға дейін;
- 3 курс студентеріне – 18 айдан, диплом алғанға дейін
Тағылымдамадан табысты өту өлшемдері:
- өлшемдерді орындау бойынша жақсы орташа бағамен жұмыс жоспарын орындау (бесбаллдық бағам бойынша 4,0 кем емес);
- Жетекшінің мінездеме-ұсынысы;
- HR қызметінің жазба пікірі;
- компанияның, тәжірибеден өтушілерді тартумен, өткізетін барлық білімдік және қоғамдық шараларға қатысу міндетті;
- тәжірибеден өтушінің рационализациялау бойынша ұсынысы немесе диплом/магистрлік жұмысында көрсетілетін, компанияның қызметін жетілдіруге арналған тәжірибеден өтушілер тобының бірлескен жобасы.

 

«Стажер» бағдарламасының таныстырылымы «Стажер» бағдарламасының таныстырылымы «Стажер» бағдарламасының таныстырылымы
Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus