ENACTUS KEUK командасының «Enactus Eurasia Summer Camp 2018» жазғы лагеріне қатысуы!

ENACTUS KEUK командасының «Enactus Eurasia Summer Camp 2018» жазғы лагеріне қатысуы!

ENACTUS KEUK командасының қатысушылары - Болсынов Жалғасхан, Райымханова Зарина, Жолдыбай Алтынай, Оразбекова Алина 2018 жылдың 17-22 тамызы аралығында бастап «Enactus Eurasia Summer Camp 2018» жазғы лагеріне қатысты. ENACTUS KEUK студенттері «Enactus Eurasia Summer Camp 2018» жазғы лагері аясындағы кәсіпкерлік, қаржылық сауаттылық, жобаларды басқару, бизнес-инновациялар бойынша оқу оқуға мүмкіндік алды. Осы іс-шараның 10 ұйымдастырушысының бірі біздің команданың капитаны Ю-42 тобының студенті, Болсынов Жалғасхан болды. Жазғы лагерге Қазақстаннан, Қырғызстаннан, Өзбекстаннан, Тәжікстаннан және Әзірбайжаннан 200-ден аса белсенді студенттер қатысты. Командамыздың атынан Enactus Kazakhstan-ға ірі іс-шараны жақсы ұйымдастырғаны үшін, сондай-ақ Директорлар кеңесінің мүшесі және Enactus Reading club жетекшісі Азамат Утеновке конкурстарға қатысуға мүмкіндік бергені үшін алғысымызды білдіреміз. Лагерге қатысу үшін 3 грант ұтып алдық, осыған байланысты біздің студенттеріміз бұл іс-шараға тегін қатысты. Және, әрине, КЭУК ректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор Аймағамбетов Ерқара Балқараұлын, ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, стратегиялық және инновациялық даму бойынша, экономика ғылымдарының докторы, профессор Накипова Гульмира Ермековнаны және «Enactus-KEUК» халықаралық бағдарламасының эдвайзері экономика ғылымдарының докторы, профессор Сихимбаева Динара Рахмангазиевнаны осындай іс-шараларға қатысу мүмкіндік бергендері үшін алғыс білдіреміз.

 

 

ENACTUS KEUK командасының «Enactus Eurasia Summer Camp 2018» жазғы лагеріне қатысуы! ENACTUS KEUK командасының «Enactus Eurasia Summer Camp 2018» жазғы лагеріне қатысуы!
Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus