Бизнесті дамыту бойынша оқыту семинарлары

Бизнесті дамыту бойынша оқыту семинарларыҚарағанды экономикалық университетінде тұрақты түрде студенттер үшін бизнесті дамыту негіздері бойынша семинарлар өткізіледі.
Осылайша 2018 жылдың ақпан айында «Экономика және кәсіпкерлік» кафедрасының оқытушысы Phd доктор Байбосынов С.Б. күндізгі бөлім студенттеріне арнап «Жобаны қаржылық қамтамасыздау:- инвестициялық жоспар; - қаржы жоспары» атты оқытушылық семинар жүргізді.
Сонымен қатар, университет қабырғасында «Даму» қорының жобалары шегінде АҚ ««Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының ұаржы кеңесшісі Газиз Айзада Саяткызының қатысуымен «Бизнесті мемлекеттік қолдау: қолдаудың формалары мен әдістері-бизнеске септік тигізудің өзекті бағдарламалары» атты оқыту семинары өтті.
Студенттер нақты мысал түрінде кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың формалары мен әдістерімен, Қазақстанда бизнес ашудың шарттарымен, кәсіпкерлерді қорғау Ұлттық палатасымен және мемленкеттік органдардың бизнесті қолдау бағдарламаларыен танысты.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus