«ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАС ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА ҮЛЕСІ» зерттеушілік және жобалық жұмыстар конференциясы

«ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАС ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА ҮЛЕСІ» зерттеушілік және жобалық жұмыстар конференциясы2017 жылғы 12 желтоқсанда Қазтұтынуодағы экономикалық университетінде Экономикалық және құқықтық зерттеулер ғылыми зерттеу институты Қарағанды облысы білім басқармасымен бірлесіп жас ғалымдардың, ЖОО студенттерінің, орта және орта арнаулы оқу орындары оқушыларының зерттеушілік және жобалық жұмыстары бойынша «Қарағанды облысының жас ғалымдарының Қазақстан ғылымына үлесі» конференция-көрмесін өткізді.
Конференция-көрмеге өндірістің физико-техникалық үдерістері; экология, нанотехнология; қуат көздері; биотехнологиялар; ақпараттық технологиялар; экономикадағы инновациялар; инфрақұрылымды дамыту; педагогикалық инновациялар; құқықтық ерекшеліктер және басқа да жапсарлас бағыттардағы жұмыстар қойылды. Физикалық және анимациялық (бағдарламалық) моделдің болуы жобалардың рейтінгін көтерудің басым шарты болады.
Конкурстық комиссияның шешімімен түрлі аталымдар бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, тіисті дипломдар табысталды.
Көрме-конференцияның қатысушыларының еңбектері арнайы жинақ болып шығарылады.

 

«ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАС ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА ҮЛЕСІ» зерттеушілік және жобалық жұмыстар конференциясы «ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАС ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА ҮЛЕСІ» зерттеушілік және жобалық жұмыстар конференциясы
Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus