Назарбаев Университетінің тәжірибесін тарату

Назарбаев Университетінің тәжірибесін таратуҚҚЭУ-де «Академиялық сапаны қамтамасыз ету жүйесі және академиялық бағдарламаларды әзірлеу» тақырыбында семинар өтуде. Семинардың қатысушылары - прфессор-оқытушылар құрамы, кафедралардың меңгерушілері, әкімшілік персонал. Семинардың тақырыбы өте маңызды және өзекті Академиялық сапаны артыру мен оны қамтамасыз ету саласындағы жақсы қалыптасқан тәжірибе Назарбаев университетінде бар.

Сондықтан ҚЭУ университетінің шақыруы бойынша олардың өкілдері: НУ институционалдық тиімділік бас директоры Дункан Пристли, НУ менеджерлері Алия Сүлейменова, Айжан Мусина семинардың спикерлері болды. Жоғары білім беру жүйесінде қазіргі уақытта бірқатар реформалар, оның ішінде ЖОО-лар автономиясы бойынша реформалар жүруде. Жалпы халықтық тәжірибе және жекелей алғанда Назарбаев Университетінің тәжірибесі соның негізіне жатады.. Елдің барлық жоғары оқу орындары өзінің білім беру бағдарламаларын дербес әзірлеп, студенттерді қабылдау тәртібін анықтап, профессор-оқытушылар құрамын іріктеп, стартап компаниялар құрып, тіпті шетелдерде филиалдарын аша алады. Семинарға қатысушыларды әсіресе академиялық және басқару еркіндігін кеңейтудегі академиялық бағдарламаларды әзірлеу мен оның дизайны , жоспарланатын оқу нәтижелерінің жетістіктерін бағалау қағидаттары,, тұтастай алғанда академиялық бағдарламаларды әзірлеу, бекіту және өзгерістер енгізу процесінің өзі қызықтырды.. Семинар белсенді интерактивті форматта, спикерлер мен қатысушылардың белсенді диалогы жағдайында өтуде.

Назарбаев Университетінің тәжірибесін таратуНазарбаев Университетінің тәжірибесін таратуНазарбаев Университетінің тәжірибесін тарату

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus