Академиялық мобилділік

Академиялық мобилділік«Әлеуметтік жұмыс» мамандығының СР-23 с/к тобы студенттері 06.02.2017-30.06.2017 ж. аралығында Белгород қаласы, «НИУ» Белгород Мемлекеттік Университетінде академиялық мобилділік бойынша оқудан өтті. Академиялық мобилділік уақытында БелМУ «НИУ» жетекшілігімен 2-ші халықаралық ШҰ елдері жастарының форумы өткізілді. Студенттердің айтуынша, оқу үрдісінде студенттердің логикалық ойлауы мен талдау жасауына, өзіндік қорытынды шығаруға үйрететін қазіргі заманғы оқу әдістері қолданылды. Сонымен қоса, БелМУ-дегі оқу студенттер өмірін мәдени-спорттық шаралармен толықтырды.
Біздің студенттер ҚҚЭУ ректоры Аймағамбетов Ерқара Балқараевичке және Әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасына академиялық мобилділік бойынша шетелде оқуға мүмкіндік бергені үшін алғысын білдіреді! Басқа жаңа тәжірибе іздеуші студент қауымына академиялық мобилділік қатысушысы болуға шақырады.

 

Академиялық мобилділік Академиялық мобилділік
Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus