Краков экономикалық университетінің (Польша) PhD, профессорының қонақтарға арналған дәрістері

Қарағанды экономикалық университеті Еуропа университеттерінің Ұлы Хартиясына қол қойған Қазақстанның жоғары оқу орындарының бірі болып табылады. Біздің университет бірнеше халықаралық ұйымдардың мүшесі болып табылады, атап айтқанда: Халықаралық Университеттер Ассоциациясы, Университеттердің Еуропалық Ассоциациясы, EdNet білім беру мекемелерінің Ассоциациясы, ТМД елдерінің кооперативтік жоғары оқу орындарының кеңесі және басқалары.
ҚЭУ халықаралық ұйымдар мен олардың Қазақстандағы өкілдіктерімен белсенді ынтымақтасады. Атап айтқанда, Erasmus + Еуропалық Одақ бағдарламасы, Герман академиялық алмасу қызметі (DAAD), Ұлыбритания Кеңесінің Ньютон Әл-Фараби атындағы Серіктестік бағдарламасы. Жыл сайын біздің университеттің халықаралық ынтымақтастық географиясы кеңейтілуде, бұл сондай-ақ, академиялық ұтқырлық бағытына, бірлескен ғылыми-зерттеу қызметіне, халықаралық бағдарламаларға қатысу бағытына қатысты.
Халықаралық ынтымақтастық шеңберінде шетелдік профессорлар магистранттар мен докторанттарға дәріс оқиды. 5-і мен 17-ші маусым аралығында Краков экономикалық университетінің ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры, э.ғ.д., профессор Януш Тэчке ҚЭУ шеңберінде дәріс оқиды. Ғалым Болон процесі контекстінде және біздің университетпен халықаралық ынтымақтастықты дамытуда ғылым мен білімнің дамуына зор үлесі бар.
Профессор Януш Тэчкенің біздің университетте бірінші сапары емес екенін атап өткен жөн. 2013 жылы Қарағанды экономикалық университетінің құрметті профессоры атанды. Краков ғалымы – қазіргі заманның түрлі жаһандық экономикалық форумдардың міндетті қатысушысы. Профессор бүкіл әлем студенттерімен өз білімімен бөліседі, ол Еуропа мен Американың жетекші жоғары оқу орындарында дәріс оқыды. ҚЭУ студенттеріне, магистранттар мен оқытушыларға профессор «Қазіргі қоғамдағы менеджмент» пәні бойынша дәріс дайындады. Оның дәрістері тыңдаушылар арасында өте танымал болып табылады және оның ақжарқындығы мен тіл тапқыштығы біздің магистранттар мен докторанттар ішінде өз қабілеттілігін ашуға және тақырыпты терең оқуға мүмкіндік береді.

 

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus