Студенттердің Халықаралық слетінің қорытындылары бойынша ақпарат «Жаңа ұрпақ. Жаңа энергия. Жаңа дәуір»

Студенттердің Халықаралық слетінің қорытындылары бойынша ақпарат «Жаңа ұрпақ. Жаңа энергия. Жаңа дәуір»Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінде 2017 жылдың 27 сәуірінде «Жаңа ұрпақ. Жаңа энергия. Жаңа дәуір» Халықаралық студенттер слеті шеңберінде ғылым мен бизнес проблемалары бойынша бизнес-сынып және семинар-пікірсайыс ұйымдастырылды. Қарағанды облысының кәсіпкерлер Палатасының маркетологтар тобының кураторы - Ташони Елена Николаевна студенттермен, магистранттармен және оқытушылармен «Бизнесті жоспарлау туралы» пікірсайыс өткізді. Аграрлық саладағы және қоғамдық тамақтандырудағы бизнесті дамыту тақырыптары слетке қатысушылардың көбірек қызығушылығын туғызды. Студенттер мейрамхана бизнесі үшін орын таңдау, бастапқы капиталдың мөлшері сияқты сұрақтар қойды. Кафе мен мейрамханаларға келушілер үшін тартымды болуы мүмкін жеке ерекшеліктерді талқылады.
Ғылым мен бизнес проблемалары бойынша пікірталас ДАМУ кәсіпкерлікті дамыту Қоры АҚ бағдарламалары мен мемлекеттік бағдарламалар жөніндегі консультант Гаухар Қойбағарованың және»Сары-Арқа» Технопаркінің жобалау менеджері Ернат Әбеуовтың қатысуымен ары қарай жалғасты. Бұл пікірсайыста қойылған сұрақтардың саны мен қатысу белсенділіктері бойынша магистранттар мен оқытушылар көшбастады. Студенттер де олардан қалысқан жоқ. Негізінен пікірсайысқа қатысушыларды: жобаны қаржыландыруға берілетін өтінімге қойылатын талаптар, бизнесті жаңадан бастаушы өтініш беруші-кәсіпкерлер тіркеуден жиі бастарту ала ма; комиссия қандай салалардың дамуына артықшылық береді; технологиялар трансфері бойынша жобалар неге қабылданбайды деген сұрақтар көбірек қызықтырды. Осы және басқа да көптеген сұрақтар негізгі назардан тыс қалмады.
Жоғарыда аттары аталған форум қонақтарының Қарағанды экономикалық университетінде жиі болатынын және олардың кәсіпкерлермен кездесулері ғылым, білім беру мен бизнесті байланыстырушы қызықты әңгімелесулер түрінде өтетінін атап көрсеткен орынды.
Кездесулер модераторы экономикалық және құқықтық зерттеулер ҒЗИ аға ғылыми қызметкері т.ғ.к., доцент Ю.И.Осик.

 

Студенттердің Халықаралық слетінің қорытындылары бойынша ақпарат «Жаңа ұрпақ. Жаңа энергия. Жаңа дәуір» Студенттердің Халықаралық слетінің қорытындылары бойынша ақпарат «Жаңа ұрпақ. Жаңа энергия. Жаңа дәуір» Студенттердің Халықаралық слетінің қорытындылары бойынша ақпарат «Жаңа ұрпақ. Жаңа энергия. Жаңа дәуір»
Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus