Международный День #ErasmusDays-2021 в Карагандинском университете Казпотребсоюза (3)

Қарағанды ​​ Казпотребсоюз университеті атынан өткізілетін #Erasmus Days-2021 Халықаралық күні

 

Университетіміздің студенттері арасында ұтқырлықтың артықшылықтары мен Erasmus+ жобаларының нәтижелері туралы хабарда болу мақсатында Халықаралық бағдарламалар мен жобалар және академиялық ұтқырлық орталығы жыл сайын өткізілетін, бесінші рет #ErasmusDays-2021 Халықаралық күнін 2021 жылдың 15 қазанында онлайн форматта өткізілуін хабарлайды. Халықаралық күннің форматы - қатысушылар арасында еуропалық немесе Эразмус+ бағдарламаларын білу бойынша викторина, нәтижесінде жеңімпазға сыйлық беріледі.

Біз барлық университет студенттерін викторинаға қатысуға және ағылшын тіліндегі қарапайым сұрақтарға жауап беруге шақырамыз. Викторина сілтемесі: https://docs.google.com/forms/d/1aj8lB_CtB5O-ybolp_DdHKhbeNMy_l1YT-IbAwQHrFw/edit?usp=sharing.

 

Халықаралық семинар тақырыбы «Рухани келісім күні – тұрақтылықтың іргетасы»

Халықаралық семинар тақырыбы

«Рухани келісім күні – тұрақтылықтың іргетасы»

Өткізілу күні: 15 қазан, 2021 жыл

Басталуы сағат 14:00

Идентификатор: 474 583 84 53

Код доступа: 2020

Модератор: PhD доктор Тутинова Нұргүл Ерқанатқызы

Қатысушылар:

1.Спикер: Bilal Ahmad Malik (Билял Ахмад Малик) магистр, философия ғылымдарының докторы, Кашмир  университеті, Үндістан мемлекеті. Баяндама тақырыбы «Religion Contributing to Harmone: Interfaith Dialogue Approach».

2.Спикер: Заңгер, PhD доктор Сапаров Бахытжан Жолдыбайұлы, Абай

атындағы ҚазҰПУ-нің әкімшілік департаментінің директоры. Баяндама тақырыбы; «Зайырлылық конституциялық құрлыстың негізі ретінде».

3.Көшербаева Іңкәр – С-21-1к НП магистратура, «Рухани келісім-

тұрақтылықтың белгісі».

Халықаралық семинардың жұмыс тілдері қазақ және ағылшын тілдерінде.

 

«Көп тілді түлек» олимпиадасы

«Көп тілді түлек» олимпиадасы

Қазтұтынудағы Қарағанды университетінің экономика, басқару және кәсіпкерлік факультетінің орыс жане шет тілдері кафедрасы 11 сынып оқушыларын 2021 жылы 29 қазанда 10.00-де өтетін "Көп тілді түлек" қазақ, ағылшын, орыс тілдерінен өтетін онлайн олимпиадаға қатысуға шақырады. Zoom конференцияның идентификаторы: 7387321035; пароль: 2020.

Қарағанды қаласының мектеп мұғалімдері үшін «Оқушылардың түрлі деңгейлік топтарының шет тілдерін оқытудағы заманауи үрдістері мен тәсілдері» атты онлайн-семинар өтеді. Тыңдаушылардың қатысуы тегін. Модератор: профессор, п.ғ.к. Аубакирова Г. Т. Zoom конференцияның идентификаторы: 7348585831; пароль: 1958.

«Қаржы, логистика және сандық технологиялар» факультеті 2021 жылдың 11-21 қазан аралығында факультеттің онкүндік декадасын өткізуде.

Құрметті оқытушылар мен студенттер!

«Қаржы, логистика және сандық технологиялар» факультеті 2021 жылдың 11-21 қазан аралығында факультеттің онкүндік декадасын өткізуде.

Онкүндіктің мақсаты: университетте білім алушылардың жеке интеллектуалдық, ғылыми, шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін университетте білім сапасын арттыру үшін жағдай жасау.

ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ

«ҚАРЖЫ, ЛОГИСТИКА ЖӘНЕ САНДЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР» ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ОНКҮНДІК БАҒДАРЛАМАСЫ

(11-21 қазан 2021 ж.)

Күні

Уақыты

Іс-шара атауы

Өткізілу орны

Академ. топтар

11.10

14-00

Бірінші курс студенттеріне арналған «Мен-ҚЛСТ студентімін!» Квест-ойыны.

Спорт алаңы

1 курс

12.10

15-00

Дөңгелек үстел «Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығы: жетістіктері мен даму кезеңдері» тақырыбында студенттік зерттеу жұмысы

ZOOM

Идентификатор:

5975343472

Пароль: 2020

1-4 курстар

13.10

14-00

Интеллектуалды «Брейн-ринг» ойыны

Ауд.289

1-4 курстар

14.10

17-00

Қарағанды ​​облысының 11 сынып оқушыларына арналған «Менің болашақ мамандығым» тақырыбында «Тикток роликтер» ашық байқауы

Instagram –факультет парақшасы fflct.karuk

Қарағанды қ. ЖББОМ оқушылары

15.10

15-00

ҚЛСТ факультетінің табысты түлектерімен кездесу

ZOOM

Идентификатор: 7137165557

Пароль: 2020

1-4 курстар

18.10

12-30

Флешмоб «Салауатты өмір салты!»

1 этаж залы

1-2 курстар

19.10

18-00

Жатақханада «Есірткіге жол жоқ!» тақырыбында іс -шара өткізу.

Жатақхана №1

1-2 курстар

20.10

18-00

Шығармашылық жоба - «Математикалық шайқас» интеллектуалды ойыны

Жатақхана № 3

1-3 курстар

20.10

18-00

Ел президентінің Қ.К.Тоқаевтың "Халық бірлігі және жүйелі реформалар – Ел өркендеуінің берік негізі" жолдауын іске асыру бойынша "Жастар арасындағы спортты" бағытындағы іс-шарасы

Жатақхана № 4

2-4 курстар

21.10

14-00

Қаржы, логистика және сандық технологиялар факультетінің онкүндігінің жабылу салтанаты

ZOOM

Идентификатор: 2290830927

Пароль: 2020

1-4 курстар

Жемқорлыққа жол жоқ!

Жемқорлыққа жол жоқ!

Егер сіз мемлекеттік қызметшілер тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болсаңыз немесе заңсыз сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының байқалмаған куәгері болсаңыз, онда сізге Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) жүгіну қажет:

1. 100000, Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі, 12 үй, немесе тұрғылықты жері бойынша аумақтық департаменттерге пошталық мекен-жайға жазылған;
2. egov.kz электронды үкімет порталының онлайн қызметі арқылы (электрондық цифрлық қолтаңба қажет - ЭЦҚ);
3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бірыңғай байланыс орталығы арқылы, 1424 ақысыз нөмірі.

Қаржылық сауаттылықты қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар

 

Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы жастар арасында қаржылық сауаттылықты қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар кешенін бастады.

Жобаның мақсаты жастардың қаржылық сауаттылығын арттыру, қаржыны басқарудың базалық дағдыларын дамыту болып табылады.

Оқу барысында қатысушылар ие болатын мүмкіндіктер:

- бюджетті жоспарлау дағдыларын және қаржылық шешімдерді дұрыс қабылдау үшін негіз болатын құзыреттер жиынтығын қалыптастыру;

- жинақ мәдениетін қалыптастыру;

- капиталды ұлғайту дағдыларын қалыптастыру;

- жас қаржыгерлер клубын құру.

Сондай -ақ, жобаға қатысушыларды оқыту процесінде қаржы әлеміндегі тәжірибелі сарапшылар мен мамандардан IPO, тұрғын үй бағдарламалары, бизнес, қаржылық стратегиялар, банк ісі сияқты салалар бойынша оқулар өткізілетін болады.

Жобаға тіркелу үшін немесе кез – келген басқа ақпаратты алу үшін 8 776 5 444 666 нөмерлері бойынша хабараласа аласыздар.

 

Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде Республикалық онлайн конференция өтеді.

Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде Республикалық онлайн конференция өтеді.
Тақырып: «Жолдау-2021. Болашақ бүгіннен басталады»
Кафедра: «Әлеуметтік-саяси пәндер және Қазақстан халқы Ассамблеясы»
Модератор: PhD доктор, аға оқытушы Тутинова Н.Е.
Спикерлер:
1) Сейтказиев Руслан Өмірғазыұлы, Абай атындағы ҚазҰПУ PhD докторанты, тарих және құқық институты, Әлем тарихы кафедрасының оқытушысы.
2) Жүзей Мырзахмет Аманқұлұлы, ҚР БҒМ Ғылым Комитеті, «Философия, Саясаттану және Дінтану институты», аға ғылыми қызметкері, PhD докторант.
Өткізілетін күні: 17.09.2021 ж.
Уақыты: 10.40
Код: 474 583 8453
Пароль: 2020

Жүлде қоры 2 000 000 теңге құрайтын үздік бизнес идеялар конкурсы

Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы жоғары оқу орны мен колледж студенттері арасында кәсіпкерлік дағдыларды қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар кешенін бастады.
Аталған іс - шараның басты мақсаты студенттік жастар арасында кәсіпкерлік белсенділікті арттыру болып табылады.
Жобаны жүзеге асыру барысында қатысушылар қандай мүмкіндікке ие болады:
- Кәсіпкерлік дағдылардың негізін қалыптастыру және дамыту
- Бизнес идеялардың жүзеге асыруға қолдауға ие болу
- Жастар арасында кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған мемлекеттік іс – шаралар туралы ақпараттандыруды күшейту.
Кәсіпкерлік бойынша курстарды бизнес саласындағы тәжірибелі мамандар мен тренерлер, эксперттер жүргізетін болады.
Сонымен қатар қатысушылар жүлде қоры 2 000 000 теңге құрайтын үздік бизнес идеялар конкурсына қатыса алатын болады.
Өтінімдерді қабылдау: 10 қыркүйекке дейін.
Формат: онлайн
Толық ақпаратты алу немесе тіркелу үшін 8775 357 26 96 нөмері бойынша хабарласа аласыздар.

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАСТАР САЯСАТЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМАСЫ

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАСТАР САЯСАТЫ

МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМАСЫ

 Студенттердің дәстүрлі (офлайн) оқыту форматына көшуіне байланысты студенттік ортада Covid-19 коронавирусына қарсы ұжымдық иммунитетті қалыптастыру мәселесі ерекше өзектілікке ие.

ЖОО деректеріне сәйкес Қарағанды облысында 4 мыңға жуық оқытушы мен қызметкер, 11 мыңнан астам студент пен магистрант вакцина қабылдады. Оқу процесінің үздіксіздігін қамтамасыз ету және студенттердің денсаулығын сақтау мақсатында осы бағыттағы ақпараттық-ағартушылық жұмысты жандандыру жоспарлануда.

18 тамызда облыстың студенттік ұйымдары көшбасшыларының брифингі өткізілді. Спикерлер өз сөздерінде - студенттер қоғамдастығы офлайн оқыту форматына көшу туралы жаңалықты ерекше қуанышпен қабылдағанын айтты.

Студенттік орта көшбасшылары дәстүрлі оқыту форматының ұзақ мерзімділігі мен тұрақтылығы карантин шараларын сақтауға және әркімнің жеке жауапкершілігін білдіруге байланысты екенін атап өтті. Оқу аудиторияларында, жатақханаларда және басқа да адамдар көп жиналатын жерлерде жұқтыру қаупін азайту үшін спикерлер вакцина алғандардың жоғары үлесін қамтамасыз ету маңызды деп санайды.

Брифинг аясында #MaxVax жастар акциясы бастау алды. Іс-шараның мақсаты - студент жастардың вакцинация туралы ақпараттану деңгейін арттыру. Акция барысында ЖОО базасында мобильді вакцинация пункттерінің жұмысын ұйымдастыру, әлеуметтік желілерде ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын өткізу және ЖОО-ның вакцина алған студенттері арасында #MaxVaxBox ұтыс ойыны жоспарлануда.

Брифинг соңында студенттік ұйымдардың көшбасшылары облыс жастарына үндеу жолдады.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus