Онда біздің Қазтұтынуодағы Қарағанды университетіне «Қош келдіңіз!» дейміз! Университеттің «Ашық есік» күні 2022 жылдың 16 сәуірі күні сағат 10.00-де Қарағанды қ., Академическая к-сі, 9 мекенжайында Сізді және сыныптастарыңызды күтеді.

Құрметті Талапкер!

Мамандықтар әлеміне саяхат жасағыңыз келе ме? Сұранысқа ие мамандықты таңдап, білікті әрі мықты маман болғыңыз келе ме? Қайталанбас нағыз студенттік өмірді шынайы сезінгіңіз келетін шығар?
Онда біздің Қазтұтынуодағы Қарағанды университетіне «Қош келдіңіз!» дейміз! Университеттің «Ашық есік» күні 2022 жылдың 16 сәуірі күні сағат 10.00-де Қарағанды қ., Академическая к-сі, 9 мекенжайында Сізді және сыныптастарыңызды күтеді.
Сіз бұл күні жоғары оқу орнына түсу ережелері, университеттің білім беру бағдарламалары туралы бәрін біле аласыз; профессорлармен және оқытушылармен танысып қана қоймай, олардың ақыл-кеңесін тыңдай аласыз; біздің аудиториялар мен зертханаларды өз көзіңізбен көре отырып, университетіміздің «ғажайып» екеніне көз жеткізесіз, квесттер мен би батлдарына қатыса аласыз!

Келіп көріңіздер! Дұрыс таңдау жасап, біздің университетіміздің студенті болыңыздар!

Университетімізге №19, 30, 31, 44 автобустарымен келе аласыздар! (Коопер аялдамасы)

 

«Баршаның назарына!» дабылы бойынша халықтың іс-әрекеті

«Баршаның назарына!» дабылы бойынша халықтың іс-әрекеті

Қазақстан Республикасының әрбір азаматы төтенше жағдайлар болғанда не қауіп-қатер төнгенде халықтың назарын аудару үшін берілетін «Баршаның назарына!» құлақтандыру сигналы бойынша орындалатын іс-қимыл тәртібін білуі және орындауы тиіс.
«Баршаның назарына!» дабылы соғылғанда халық теледидарларды, радионы және ақпарат қабылдаудың басқа да құралдарын іске қосып, беріліп жатқан ақпаратты мұқият тыңдап, іс-әрекет тәртібі мен жүріс-тұрыс ережелері жөніндегі талаптарды орындауға міндетті. Таратылатын ақпарат түрлі сипатта: химиялық қауіпті объектідегі немесе теміржол көлігіндегі апат, химиялық, радиоактивті зақымдану, табиғаттың дүлей апаты, әуе қауіп-қатерлері және адам өміріне қауіп тигізетін басқа да төтенше жағдайлар, адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін, болуы мүмкін әуе қаупі мен басқа да төтенше жағдайлар туралы, сондай-ақ халықтың осы төтенше жағдайлардағы іс-әрекеті жайында болуы мүмкін.
Сөйлеу арқылы құлақтандырылатын ақпарат мәтіні қазақ және орыс тілінде беріледі.
Алыс қашықтықта орналасқандықтан сирена дыбысы естілмейтін және орталық радиохабардың дауыс зорайтқышы жоқ жерлерге «Баршаның назарына!» дабылы мен сөйлеу арқылы берілетін ақпарат дабыл тарататын қондырғымен жабдықталған арнайы көліктер арқылы таратылады. Туысқандарыңыз, достарыңыз бен көршілеріңіз естімей қалуы мүмкін, сондықтан да оларға хабарлаңыздар. Кез-келген үрей мен қаңқу сөзді болдырмауды қадағалаңыздар!

АҚ штабының бастығы Н. Алимкулов

 

Қазақстан Республика Білім және ғылым министрлігі қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған "Tilqural.kz", "Tilalemi.kz", "Balatili.kz", "Emle.kz", "Termincom.kz", "Sozdikkor.kz", "Qazcorpora.kz", "Qujat.kz", "Tilmedia.kz", "Atau.kz", "Abai.insti

Қазақстан Республика Білім және ғылым министрлігі қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған "Tilqural.kz", "Tilalemi.kz", "Balatili.kz", "Emle.kz", "Termincom.kz", "Sozdikkor.kz", "Qazcorpora.kz", "Qujat.kz", "Tilmedia.kz", "Atau.kz", "Abai.instiute" электронды порталдарын әзірледі.

Электронды өнімдерге сілтемелер:

Tilqural.kz

Tilalemi.kz

Balatili.kz

Emle.kz

Termincom.kz

Sozdikqor.kz

Qazcorpora.kz

Qujat.kz

Tilmedia.kz

Atau.kz

Abai.instiute

Хабарландыру!!!

Хабарландыру!!!

Студенттерді, магистранттарды, докторанттарды білім беру және ұйымдастырушылық қолдау арқылы инновациялық жобалар жасау мен инкубациялауға жүйелі түрде тарту, ғылыми-зерттеу, жобалау және кәсіпкерлік қызметті үйлестіруге мүмкіндік беретін құзыреттерді қалыптастыру мақсатында студент жастар арасында кәсіпкерлік дағдыларды дамыту жөніндегі ТБИ "Достық "Коворкинг орталығы" іс-шараларының 2021-2022 оқу жылының 2 семестріне күнтізбесі әзірленді. Іс-шараларды өткізудің нақты күндерін біз факультеттердің СҒЗЖ үшін жауаптылар арқылы хабарлаймыз.

Жарнама

Бизнес, құқық және технология факультеті В068 - Тамақ өнімдерін өндіру жоғары білім беру бағдарламалары тобына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бос білім грантын тағайындауға конкурс жариялайды, университетке қабылдау жылы - 2019 жыл, оқыту тілі - қазақ тілінде.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бос білім грантын алуға үміткер студенттер келесі құжаттарды 2022 жылдың 01.20 дейін деканатқа тапсыруы керек:
1) конкурсқа қатысуға өтінім (15.01.2022дейін)
2) жеке куәліктің көшірмесі
3) транскрипт
4) сипаттамалық
5) деканның ұсыным хаты

БҚжТ деканаты

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті (Қарағанды қ., Академическая көш., 9) колледж студенттерін 2021 жылдың 10 желтоқсанында ақпараттық технологиялар саласындағы технологиялық стартап жобаларымен (бағдарламалық өнімдер, мобильді қосымшалар және т. б.) Demo Day-ға қатысуға шақырады.
Стартаптар байқауы "Белый ветер"компаниясымен бірлесіп өткізіледі (https://shop.kz/).
Demo Day-де IT-жобамен бір адам немесе команда құрамында (4 адамға дейін) қатысуға болады.
Сіздердің өтінімдеріңізді 2021 жылғы 6 желтоқсанға дейін (Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электрондық поштасына) күтеміз.

 

Өтінім нысаны қоса беріледі.

Презентацияларды ресімдеуге қойылатын талаптар (PowerPoint):

  1. Басты бет
  2. Кіріспе бөлім немесе жобаның қысқаша мазмұны
  3. Саладағы жағдайды талдау
  4. Жобаның мәні
  5. Өндірістік жоспар
  6. Маркетинг жоспары
  7. Ұйымдастыру жоспары
  8. Қаржылық жоспар
  9. Заң жоспары
  10. Жобаның тәуекелдері

Demo Day-дің барлық қатысушылары сертификаттармен марапатталады, сондай-ақ жыл соңына дейін "Белый ветер" компаниясының сайтында сатып алу үшін 5% жеңілдікке (сайттағы қол жетімді бағаға) промокод алады.

Demo Day жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Жұмыс тілдері: қазақ, орыс

Іс-шара бағдарламасы:

14: 00 - 14.45 Қонақтарды тіркеу, университет ішілік экскурсия

15.00-16.30 Жобаларды қорғау

16.30-16.45 Қорытындылау, марапаттау, конкурстың жабылуы.

Қосымша ақпаратты келесі телефондар арқылы алуға болады: 8-721-2-44-16-34 (ішкі 65-64), 8-775-596-22-60

Қосымша 1

Demo Day қатысу үшін

Өтінім

1.                       

Қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (толық)

 

2.                       

Жетекшінің аты-жөні. Лауазымы

 

3.                       

Оқу орнының толық атауы

 

4.                       

Оқу орнының мекенжайы (қаланы көрсете отырып)

 

5.                       

Байланыс телефондары,

е-mail

 

6.                       

Инновациялық жобаның атауы

 

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің «Әлеуметтік-саяси пәндер және Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Қазақстан тарихы пәні бойынша оқушыларға онлайн-олимпиада өткізеді. Олимпиядаға қатысу үшін Қарағанды және Жезқазған қалаларының жалпы орта білім беретін мектептерінің 11 сынып оқушылары шақырылады.
Өткізу күні мен уақыты: 27 қараша 2021 ж., сағат 10.00 (Zoom)
Олимпиаданың жұмыс тілдері: қазақ, орыс
Олимпиада II турдан тұрады:

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus