Erasmus+ бағдарламасының CACTLE жобасының презентациясы.

Erasmus+ бағдарламасының CACTLE жобасының презентациясы.2016 жылдың 13 қазанында сағат 15.10 103 аудиторияда университет ұжымының алдына Erasmus+ бағдарламасының шеңберінде CACTLE (Central Asian Centre of Teaching, Learning and Entrepreneurship) жобасы таныстырылды. Вена экономикалық университетінің (Австрия) қадағалауымен жүретін жобаға Өзбекстан мен Қырғызстанның жоғары оқу орындарынан басқа Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университеті де қатысып отыр. ҚҚЭУ жағынан 5 оқытушы, оның ішінде «Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар» кафедрасының магистрі, аға оқытушы Сыздыкбеков Е.С. бар. ҚҚЭУ ұжымы алдында Сыздыкбеков Е.С. алда ашылатын оқытудың, білім берудің және кәсіпкерліктің Орталығында пайдаланатын Веналық білім беру моделі (еуропалық ғалымдар қолданып жатқан Блум Таксономиясы инновациялық оқытудың әдістерінің жаңа нұсқасы) туралы баяндады.

 

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus