Халықаралық форум ғалымдар мен қаржы секторының өкілдерін біріктірді

Халықаралық форум ғалымдар мен қаржы секторының өкілдерін біріктірді

2026 жылғы 11 маусымда Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде Қазақстан, Ресей, Беларусь және Өзбекстан елдерінің ғалымдары, академиялық қауымдастық өкілдері мен қаржы-банк секторы мамандарының қатысуымен жыл сайынғы халықаралық форум өтті.
Іс-шара университеттің 60 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып, цифрлық трансформация, жаһандық сын-қатерлер және жасанды интеллект технологияларын кеңінен енгізу жағдайындағы қаржы-экономикалық жүйенің орнықты дамуы мәселелерін талқылауға арналды.
Форум жұмысына Қазақстанның және шетелдің жетекші жоғары оқу орындарының, мемлекеттік органдардың, қаржы институттарының, кәсіби қауымдастықтардың өкілдері, сондай-ақ оқытушылар, жас ғалымдар, докторанттар, магистранттар, студенттер және «Қаржы» білім беру бағдарламасының түлектері қатысты.
Қатысушылардың назарында жасанды интеллекттің қаржы секторына әсері, цифрлық қаржы технологияларын дамыту, салық-бюджет саясатын жетілдіру, жаңа буын мамандарын даярлау және еңбек нарығының заманауи талаптарына сәйкес білім беру бағдарламаларын жаңарту мәселелері болды.
Форум қорытындысы бойынша ғылым, білім және бизнес арасындағы өзара іс-қимылды дамытуға, қаржы саласындағы мамандарды даярлау сапасын жетілдіруге, сондай-ақ жоғары оқу орындары мен қаржы-экономикалық сектор өкілдері арасындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған ұсынымдар қабылданды.
Форум аясында ғылыми семинар, кафедраның студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары жөніндегі ашық отырысы және «Жаңа әлемдік тәртіптің қалыптасуы, жүйелік тәуекелдер мен цифрландыру жағдайындағы қаржы-экономикалық жүйенің орнықты дамуының заманауи драйверлері» тақырыбында халықаралық бітіру жұмыстары байқауы өткізілді. Байқау жеңімпаздары әртүрлі дәрежедегі дипломдармен марапатталды.

 

Халықаралық форум ғалымдар мен қаржы секторының өкілдерін біріктірді Халықаралық форум ғалымдар мен қаржы секторының өкілдерін біріктірді
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Erasmus
TIL