«Ұлы Дала тарихы» зияткерлік ойыны

«Ұлы Дала тарихы» зияткерлік ойыныӘлеуметтік жұмыс ҚХА кафедрасы университет кітапханасының қызметкерлерімен бірлесе отырып, студенттердің қатысуымен «Ұлы Дала тарихы» атты зияткерлік ойыны, Тұңғыш Президент күніне арналған Ұлт Көшбасшысы Н. Назарбаевтың кітаптары көрмесін сондай-ақ Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын талқылауға арналған іс-шараларды ұйымдастырып өткізді.
Іс-шара барысында мазмұнды баяндамалар айтылып, Қазақстан тарихын білуге викторина өткізілді. Студенттерді әсіресе түркі әлемінің мәдениеті, Қазақстанның флорасы мен фаунасы туралы сұрақтар, сонымен қатар Отан тарихына қосқан үлесі туралы ұсынылған тарихи тұлғаны анықтау туралы тапсырмалар қызықтырды.
Студенттер кітапхананың тарихи тақырыптағы кітаптар қорымен және ҚР Президентінің еңбектерімен танысты.

Сот төрағасымен кездесу

Сот төрағасымен кездесу

23 қараша 2018 жылы бітіруі заңгер түлектер Қарағанды облысы ауданаралық арнайы экономикалық соттың төрағасы Токбулатов Талгат Ибрагимовичпен кездесті. Сот төрағасы студенттермен ашық жарқын әңгімелесіп, соттың қызметі туралы толық айтып берді. Студенттерді сот қызметінің талаптарымен таныстырды, сотқа қатысты әртүрлі сұрақтарға жауап берді.
Сонымен қатар, «Кеңесші» ОҒӨК құрамына кіретін Қарағанды облысының ААЭС-мен ынтымақтастық келісім шарт негізінде ауданаралық арнайы экономикалық соттың судьясы «Применение примирительной процедуры» тақырыбында Беккожина Айгуль Канатовна студенттерге дәріс оқыды.

Шеберлік дәрісі

Шеберлік дәрісі

5В030100 «Юриспруденция» білім бағдарламасының «Кеңесші» ОҒӨК-нің жұмыс жоспарына сай 5 желтоқсан 2018 жылы әдеттегідей ауданаралық арнайы экономикалық сотының судьясы Д.Е. Мустафинмен «Упрощенное (письменное) производств» тақырыбында шеберлік дәрісін өткізді.
Дәріс барысында сот өндірісінің ерекшеліктері мен мазмұны толық айтылды, жазбаша сот өндірісінің статистикасы әңгімеленді, сот бұйрығының тәртібі айтылды. Қонақтар студенттердің сұрақтарына жауап берді.

ЗИЯТКЕРЛІК МАРАФОН КІМГЕ БАҒЫНДЫРЫЛДЫ?

ЗИЯТКЕРЛІК МАРАФОН КІМГЕ БАҒЫНДЫРЫЛДЫ?

2018 жылдың 29 қарашасында Экономикалық қатынастарды құқықтық реттеу кафедрасы "Құқықтану" мамандығының студенттері арасында зияткерлік ойын өткізді.
Интеллектуалды марафонның мақсаты: колледж оқушыларының болашақ мамандығына деген қызығушылығын ынталандыру, ЖОО мен орта кәсіптік оқу орындары арасында ынтымақтастық және серіктестік жүйесін құру.
Ойын қорытындысы бойынша жүлделі орындар былай бөілнді:
1-ші орын "Заңгерлер лигасы" командасы (ҚЭББ);
2-ші орын "Ювеста" командасы (ҚЭББ);
3-орын "Парламент" командасы (КЭУК);
Дипломдармен марапатталды:
"Ең белсенді ойыншы" П-34 тобының студенті Артығали Ескеназ;
"Ойынның үздік капитаны" П-33 тобының студенті Крафт Ксения.

Азаматтық және әлеуметтік белсенділік арқылы рухани даму

Азаматтық және әлеуметтік белсенділік арқылы рухани дамуЖастар арасындағы қайырымдылық еріктілік қарекеті «Даму» оқу-ғылыми білім беру кешені аясындағы «Әлеуметтік жұмыс» білім беру бағдарламасының жүзеге асуындағы тәрбиелік жұмыстың негізгі бағыттарының бірі. Әлеуметтік жұмыс және ҚХА кафедрасы мамандықтары студенттерінің еріктілер негізінде Халықаралық мүгедектер күніне орай ұйымдастырылған «Қайырымдылық ұшқыны» атты фестивалға қатысуы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асуының бір дәлелі.
«Қайырымдылық ұшқыны» фестивалі «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы мен» «Лайықты Өмір» мүгедектерді оңалту орталығы» қоғамдық бірлестіктерінің ұйымдастыруымен өтіп отыр. Оған жергілікті билік органдары мен әлеуметтік қызмет көрсету өкілдері қатысты. Фестивалда мүмкіндігі шектеулі жандардың қолөнерлік заттары саудаланған жәрмеңке және муызкалық концерт ұсынылды.

СҒҚ отырысының есебі

СҒҚ отырысының есебі

Магистр, аға оқытушы З. А. Абдурахманованың жетекшілігімен "туризм және мейрамхана ісі" мамандығы бойынша 1-4 курс студенттерінің қатысуымен студенттік ғылыми үйірменің кеңейтілген отырысы өтті. Студенттер 15 баяндама мен 3 жобаны ұсынды.
Студенттердің ҚҚЭУ оқытушыларының жетекшілігімен мынадай жобалар әзірленді: Третьяков Дмитрий тақырыбы: "Дағдарыс жағдайында мейрамханалық қызметтерді жылжыту әдістері", ғылыми жетекшісі магистр Алексеенко Т. Н.; Серпаева Айнура "Мейрамхана ашу кезіндегі бәсекеге қабілеттілік факторлары", ғылыми жетекшісі Бекишева Ш.Т.; Сатмағамбетова Айсара: "Қазақстанның сакралды орындары бойынша саяхатқа арналған sacral мобильді қосымша", ғылыми жетекшісі Абдурахманова З. А.
Үздік баяндамалар собор жинағында іріктеліп, жарияланады, сонымен қатар конференцияның ресейлік және шетелдік жинақтарында жарияланады.

Кураторлық сағат

Кураторлық сағат

"Туризм және мейрамхана ісі" кафедрасының магистрі, аға оқытушысы З. А. Абдурахманованың жетекшілігімен ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған ашық кураторлық сағат өткізілді. РД-21к тобының студенттері Серікбол Балжан мен Кушекова Жанара баяндама жасады.
Бүгінде біздің еліміз нақты даму стратегиясына, серпінді экономикаға және тұрақты саяси жүйеге ие және осы жетістіктермен біз елімізді мақтан тұтамыз.

«Елбасы – елімен бірге» дөңгелек үстелі

«Елбасы – елімен бірге» дөңгелек үстеліӘлеуметтік жұмыс және ҚХА кафедрасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай дөңгелек үстел ұйымдастырды. Оған университет оқытушылары мен студенттер қатысты.
Дөңгелек үстелде Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлт көшбасшсысы ретіндегі рөлі, мемлекеттік басқарудың қазақстандық үлгісі қалыптасуындағы, мемлекеттіліктің нығаюындағы, нарықтық экономикаға өтудегі сондай-ақ демократиялық қоғам мен ұлттық сана-сезімнің қалыптасуындағы қосқан оразан зор еңбегі сөз болды.
Диалогқа қатысқан ҚЭУ студенттері Қазақстанның Тұңғыш Президентінің басқаруымен қысқа уақытта мемлекеттің саяси және экономикалық тәуелсіз елге айналғанын атап өтті. Сондай ақ өз елдеріне, туған жерлеріне деген мақтаныш сезімдерін білдірді.
Соңында Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев туралы «Көшбасшы жолы: «Отты өзен» және «Темір тау» фильмі көрсетілді.

Біліктілікті арттыру сертификаттарын беру

Біліктілікті арттыру сертификаттарын беру

27 қараша 2018 жылы Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңес Аппаратының жетекшісі Нурмуханов Б.М. Бизнес және құқық факультетінің деканы, профессор Ф.С. Момышеваға, ЭҚҚР кафедрасының меңгерушісі, профессор Н.Р. Весельскаяға және ЖҚАП кафедрасының меңгерушісі PhD докторы Т.И. Ауға біліктілікті арттыру сертификаттарын табыс етті.

Экономикадағы сандық теңдестірудің негізгі бағыттары мен тәсілдері» тақырыбында өткен дөңгелек үстел

Экономикадағы сандық теңдестірудің негізгі бағыттары мен тәсілдері» тақырыбында өткен дөңгелек үстел«Сандық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде және «Бухгалтерлік есеп және аудит» кафедрасының студенттердің ғылыми зерттеу жұмысынын ұйымдастырудың жоспарына сай 2018 жылдың 29 қарашасында «Экономикадағы сандық теңдестірудің негізгі бағыттары мен тәсілдері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге кафедраның профессор-оқытушылар құрамы, СҒЗЖ факультеттің жауапты оқытушысы А.Е.Майкенова және «Есеп және аудит» білім беру бағдарламасының студенттері қатысты.
Дөңгелек үстелде еліміздегі «Сандық Қазақстан» бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқан іс-шаралар аталып, оның ішінде біздің Қарағанды өңіріндегі білім беру, медицина салаларындағы жетістіктер қатары айтылып өтті. Сонымен қатар, дөңгелек үстелге қатысушылар еліміздегі ІТ технология жетістіктерін талқылап, осы бағытта әзірленген ізденістерін ортаға салды.

«ХХІ ҒАСЫР ҚАРЖЫ КӨШБАСШЫСЫ» VII РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДАСЫ

«ХХІ ҒАСЫР ҚАРЖЫ КӨШБАСШЫСЫ» VII РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДАСЫ

2018 жылдың 30 қарашасында «Банктік менеджмент және қаржылық нарықтар» кафедрасы Отандық және Ресейлік оқу орындары студеенттерінің қатысуымен VII Республикалық пәндік олимпиаданы ұйымдастырды.
Аталмыш олимпиада Краснодар, Астана, Алматы және Қарағанды қаласының беделді оқу орындары белсене қатысты. Яғни, КубМАУ, НАРХОЗ, ҚазАТУ, ҚҚЭУ, ҚТЛ, ЕҰУ және т.с.с.
Әр студенттер жарысқа белсене қатыса отырып, шиеленісті сәттерде лайықты жеңімпаздарын анықтады. Қорытынды бойынша келесі оқу орындары орындарға ие болды:
1-орын: КубҰАУ және НАРХОЗ
2-орын: ҚҚЭУ, ЕҰУ және ҚазАТУ
3-орын: КЭПБ және ҚТЛ
Жеңімпаздарды шың жүректен құттықтаймыз!!!

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus