ДОКТОРАНТУРА PhD


 

Докторанттардың құқықтары мен міндеттері 

Ішкі нормативтік әдістемелік құжаттама

Докторантураға түсушілер үшін өзекті ақпарат!

 

Докторантураға түсушілердің құжаттарын қабылдау мерзімі

  • 3- шілдеден 3 - тамыз аралығы

Докторантураға түсу үшін құжаттарды қайда тапсыру қажет екендігі туралы анықтама

  • Оқуға түсуші өтініш береді және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жөніндегі қабылдау комиссиясына құжаттардың толық пакетін тапсырады (2 қабат, 260, 264 кабинет) .
  • Оның ішінде құжаттардың толық пакетін ұсыну және оларды сәйкестендіру кезінде ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының ақпараттық жүйесінде докторантураға түсушілерді электрондық тіркеу жүргізіледі.

          Докторантураға түсушілерді электрондық тіркеу университеттің         қабылдау комиссиясының техникалық сүйемелдеуімен ғана жүргізіледі.

Докторантураға түсушілерге қандай талаптар қойылады

  • «Магистр» дәрежесінің болуы.
  • Еңбек өтілі 9 айдан кем емес
  • Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттың болуы

Магистратураға түсу кезінде қабылдау комиссиясына қандай құжаттар пакеті беріледі

Құжаттардың негізгі пакеті:

  • өтініш (университетте толтырылады);
  • білім туралы құжат (түпнұсқа, көшірме);
  • жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа, көшірме);
  • IELTS, TOEFL ITP, TOEFL IBT, TOEFL PBT, DSH, TestDaF-Prufung TFI, DELF, DALF, TCF бағдарламалары бойынша шет тілін меңгергенін растайтын электрондық сертификат (талап етілетін балл / деңгеймен);
  • қабылдау емтиханының нәтижелері бойынша электрондық сертификат;
  • QR коды бар электрондық форматтағы 075/у нысанындағы медициналық анықтама (міндетті түрде флюорография нәтижелерімен);
  • 3x4 сантиметр көлеміндегі 6 фотосурет;
  • кадр есебі жөніндегі жеке іс парағын немесе жұмыс орны бойынша кадр қызметі растаған еңбек қызметін растайтын өзге де құжатты ұсынады;
  • соңғы 3 күнтізбелік жылдағы ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстар тізімін (ғылыми жарияланымдар, зерттеу жүргізу жоспары, эссе және басқа құжаттар);;
  • 1 папка, 2 конверт, 2 файл

Шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттар қандай бағдарламалар бойынша және қандай баллдармен қабылданады

Докторантураға түсушілер келесі бағдарламалар бойынша шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификатты міндетті түрде ұсынады:

  • ағылшын тілі: IELTS (АЙЛТС)/International English Language tests System (Интернашнал Инглиш Лангудж Тестс Систем) шекті балл – кемінде 5,5;
  • Тест of English as a foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз А Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг программ) (TOEFL ITP( ТОЙФЛ АйТиПи), шекті балл-кемінде 460 балл;
  • Тест of English as a foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз А Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг ПРОГРАММ) Internet-based Test (интернет бейзид тест) (TOEFL IBT( ТОЙФЛ АйБИиТи), шекті балл-кемінде 46;
  • Test of English as a foreign Language Paper-based testing, шекті балл-кемінде 453;
  • неміс тілі: Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang (дойче щпрахпрюфун фюр дейн хохшулцуган) (DSH, Niveauv2/B2 деңгейі), TestDaF-Prufung (TestDaF-prufun) (Niveau B2/B2 деңгейі);
  • француз тілі: test de Franzais International™ – тест де Франс Интернасиональ (TFI (TFI) – оқу және тыңдау секциялары бойынша В2 деңгейінен төмен емес), Diplome d ' Etudes en langue franzaise – Диплом дэтюд ан Ланг франсэз (DELF (DALF), B2 деңгей), Diplome Approfondi de Langue franzaise – диплом Аппрофонди де Ланг Франсэз (diplome Approfondi de langue franzaise DALF (Далф), В2 деңгей), Test de connaissance du FRANZAIS – тест де коннэссанс дю Франс (TCF (ТСФ) – кемінде 50 балл).

Докторантураға түсушілер үшін қандай кіріспе сынақ өткізіледі

Оқуға түсу кезінде үміткер докторантураға түсу емтиханын компьютерлік форматта тапсырады,  үш блоктан тұрады:

  • эссе жазу;
  • докторантурада оқуға дайындық тесті;
  • бейіндік білім беру бағдарламасы бойынша тобының емтихан сұрақтарына жауаптар.

Докторантураға түсу емтиханы қандай мерзімде өткізіледі және оның құны қандай

  • 4-тамыздан 20-тамыз аралығы
  • Емтихан бағасы 21 072 теңгені құрайды
  • Докторантураға түсу емтиханы үшін төлем АЖ (KaspiQR немесе банк картасы арқылы) арқылы өтініш берген кезде ғана онлайн жүргізіледі.

Докторантураға түсу үшін қандай ұпайлар бар

  • Докторантураға түсу үшін бағалау

Тест түрлері

 

Барлық ұпай

Шекті балл

мемлекеттік тапсырысқа

ақылы

Эссе

250-300 сөз

20

75-тен кем емес

50-тен кем емес

Докторантурада оқуға дайындық тесті

ҰТО әзірлеген ТГО

30

бейіндік білім беру бағдарламасы бойынша тобының емтихан

3 сұрақтан тұратын электрондық емтихан билеті

50

Барлығы

 

100

Қосымша кеңес пен техникалық қолдауды қайдан алуға болады

Сұрақтар бойынша оқуға түсуші жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жөніндегі қабылдау комиссиясына жүгіне алады:

  • Қарағанды қ, Академическая көшесі 9; (2 қабат, 260, 264 кабинет)
  • Телефонадар нөмірі: 8 (7212) 44-15-88; +7 775 287 04 11
  • электрондық пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 


Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus