6В07201 «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы»

Тамақ өндірісінің маңызды бөліктерінің бірі - бұл сапа. Бұл аспект үшін жауаптылық тамақ өнеркәсібінің технологтарына жүктеледі.

Бүгінгі таңда өндірушілер шикізаттың қабылдануынан бастап дайын өнімді буып-түю сәтіне дейін сапаны бақылауды жүзеге асырып қана қоймай, әр түрлі салаларда және өнімді құрудың әртүрлі кезеңдерінде тиімді технологияларды дамытып, сәтті қолдана алатын білікті тамақ өнеркәсібінің технологтарына қызығушылық танытады.

Сапалы тамақ – ел тұрғындары денсаулығының кепілі. Сондықтан тамақ өнеркәсібі технологы мамандығы әрдайым сұранысқа ие болады және оның мәні, әсіресе қазіргі жағдайда өсіп келеді.

6В07201 «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» білім беру бағдарламасының мақсаты еңбек нарығының қазіргі заманғы талаптарына сәйкес инновациялық өнімдерге бағытталған, бәсекеге қабілетті мамандарды кәсіби өсуіне және тұлғалық дамуына негіз ретінде сапалы даярлау болып табылады.

Азық-түлік өнімдерінің технологы - бұл шикізатты алғаннан бастап дайын өнімді буып-түйгенге дейінгі барлық сатыда өндірілетін тамақ өнімдерінің сапасына жауап беретін маман.

Мамандықтың артықшылықтары:

  • еңбек нарығындағы ұдайы сұраныс;
  • тұрақты жұмыс;
  • ірі кәсіпорындардағы жоғары жалақы.

Оқуды аяқтағанда берілетін дәреже: 6В07201 «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» мамандығы бойынша техника және технология бакалавры.

Мамандық лауазымдарының тізімі: инженер-технолог, тамақ өндірісінің технологы, қоғамдық тамақтану технологы, цех бастығы.

Орта білім негізінде (мектеп түлектері) күндізгі бөлімге түсушілер 5 пән бойынша ҰБТ түрінде түсу емтихандарын тапсырады (3 міндетті + 2 таңдау бойынша бейіндік пәндер).

6B07201 «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша ҰБТ бейіндік пәндер:

1) Биология

2) Химия

Колледж түлектері университетке екі пән бойынша сұхбаттасу арқылы түседі:

1) жалпы кәсіби пән - химия;

2) Профильдік пән - микробиология.

Бакалавриатта оқу мерзімі:

Орта білім негізінде (мектеп бітірушілер) - 4 жыл;

Орта арнаулы білім негізінде (колледж түлектері) - 3 жыл.

Бакалавриат түлектері магистратурада оқуларын жалғастыра алады:

- ғылыми-педагогикалық салада - 2 жыл;

- профильдік бағыт бойынша - 1 жыл.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus