ҚҚЭУ-дің материалдық-техникалық базасы

Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті 1966 жылы құрылған, жаңа оқу корпусы 1980 жылы қайта салынып, пайдалануға берілді. Қазіргі уақытта университеттің заманауи оқу кешенінің жалпы аумағы 287364, 4 м 2, соның ішінде бас корпус 16897, 6 м 2, спортзал – 2659,7 м 2, кітапхана – 2339,9 м 2, тамақтану блогі – 3209,5 м 2, Студенттердің мәдениеті сарайы – 1829,5 м 2, «Б» блогі - 1800,2 м 2.
Университет қарамағында 3 жатақхана бар: №1 жатақхананың жалпы ауданы - 3704,9 м 2 , мекенжайы Академиялық көш.,5.№2 жатақхана оқу дәрісханаларымен біріктірілген, жалпы ауданы - 4043,3 м 2 , мекенжайы Академиялық көш.,7. № 4 жатақхананың жалпы ауданы - 2128,9 м 2 , мекенжайы Комиссаров көш.,32.
Қарқаралы қаласында орналасқан 100 орындық «Кооператор» атты спорт-сауықтыру лагері бар, жалпы ауданы - 3,1649 га жер көлемі. Лагерде 50 орындық екі қабатты жатақхана мен әрқайсысының жер ауданы 66 м 2 болатын 9 коттедж орналасқан.
Жазғы уақытта технологиялық құралдармен толық жабдықталған асхана жұмыс істейді. Университет ашылғанға дейін, тіпті 60-жылдары кооперативтік институты кезінде әкімшілік-шаруашылық бөлімі құрылып, ҚҚЭУ-дің аталған материалдық инфрақұрылымын өз қарамағына алған. Бұл бөлім оқу үрдісіне қызмет көрсетуді жүзеге асырады.
Әкімшілік-шаруашылық бөлімі құрылымдық бөлімше ретінде университет құрамындағы сапа және менеджмент жүйесінің орындаушысы болып табылады. ӘШБ (АХЧ) «Инфрақұрылымды басқару» атты сатып алу элементтері бар үрдіс картасы бойынша іс-әрекет етеді және өзінің шығармашылық қызметінде аталған карта мен әдістемелік нұсқаулықты (МИ) басшылыққа алады.
ӘШБ-де 107 адам еңбек етеді. Барлығы кәсіптері бойынша қызмет жасауда. 6 адамның жоғары білімі бар, 1– профессор, т.ғ.к., 1–орта арнаулы білімді. Бригада жұмыскерлері мен еденжуушылар - барлығы дерлік орта білімді.
Оқыту үрдісін ұйымдастыру үшін пайдаланылатын ҚҚЭУ-дің материалдық-техникалық базасы ЖОО-ның білім беру бағдарламаларының талаптарына сәйкес жеткілікті деңгейде болып есептелінеді.
 
Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus