• ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
  • Оқиғалар
  • Академиялық ұтқырлық бағдарлама бойынша Чехия, Брно қ., Брнодағы Мендель университетінде білім алу туралы Есеп

Академиялық ұтқырлық бағдарлама бойынша Чехия, Брно қ., Брнодағы Мендель университетінде білім алу туралы Есеп

Академиялық ұтқырлық бағдарлама бойынша Чехия, Брно қ., Брнодағы Мендель университетінде білім алу туралы Есеп

Мен, Шәріпова Сәнім, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің «Туризм» мамандығының 2 курс студенті, Брнодағы Мендель Университетінде, Брно, Чехия, академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 2019 жылдың 15 қазанынан 2020 жылдың 6 ақпанына дейін оқыдым. Шетелдік университетте мен Іскерлік экомомика I, Халықаралық іскери мәдениет және коммуникация, Жобаларды басқару, Дамып жатқан елдердің қауіпсіздігі, Табиғи ресурстарды пайдалану, Аймақтық менеджмент негіздері, Әлеуметтану сияқты пәндерді оқыдым.
Брнодағы Мендель университеті - Чехиядағы ежелгі жоғары оқу орындарының бірі. Ол 1919 жылы 24 шілдеде құрылған. Университет генетика саласындағы көрнекті ғалым - Грегор Менделдің есімімен аталады. Оның құрамына бес факультет, сонымен қатар жеке «оқу бөлімі» - үздіксіз білім беру институты кіреді. Қазіргі уақытта университетте 10 мыңнан астам студент оқиды.
Чехияның студенттерімен қатар менімен бірге Германия, Польша, Австралия, Франция, Финляндия және т.б. елдердер көптеген студенттермен бірге білім алдым. Тиісінше, оқу ағылшын тіліңде өтті, осыған орай профессорлар мен студенттердің ағылшын тілдері жоғары деңгейде болды. Біз басқа студенттермен бірге топтарда жұмыс жасадық, бұл бізге тапсырмаларды бірге орындаудан басқа, бір-біріміздің әр түрлі көзқарастарымызды, өз елдеріміздің мәдениеті мен салт-дәстүрлерін бөлістурге көмектесті. Қорытынды бағалар студенттердің жеке және біріккен жобалар және қорытынды емтихан негізінде қойылды. Демалыс күндері, Чехияның басқа қалаларын аралауға мүмкіндік болды.
Әрине, оқу кезінде алған білімім күнделікті өмірде де, болашақ мансапта да пайдалы болады. Мен үшін Брнодағы Мендель университетінде семестрді оқыған кезім - әртүрлі университеттік дәстүрдегі баға жетпес тәжірибе алудың, түрлі елдердің адамдарымен қарым-қатынас жасау дағдыларын меңгерудің уақыты.
Мен біздің университетімізге және ректорымыз Аймағамбетов Ерқара Балқараұлына Еуропаның ең үздік университеттерінің бірінде оқуға мүмкіндік беретіні үшін шын жүректен алғысымды білдіргім келеді, сондай-ақ университетіміздің халықаралық бөлімшесіне бізге құжаттамамен және туылған мәселелермен көмектесуіне ризамын.

 Академиялық ұтқырлық бағдарлама бойынша Чехия, Брно қ., Брнодағы Мендель университетінде білім алу туралы Есеп

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus