Университет қызметкерлерінің шетелдік ғылыми дайындығы

Университет қызметкерлерінің шетелдік ғылыми дайындығыҚазтұтынуодағы Қарағанды университетінің жетекші ғылыми қызметкері, докторанты Тынгышева А.М. 2023 жылдың 10 шілдесі мен 17 шілдесі аралығында Ыстамбұл қаласында ғылыми тағылымдамадан өтті. Тағылымдама ICSAD – Экономикалық даму және әлеуметтік зерттеулер институты базасында АР14972953 «Қазақстан Республикасында пандемиядан кейінгі кезеңде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін мемлекеттік реттеуді жетілдіру» гранттық жобасын іске асыру шеңберінде өткізілді.
Практика барысында постдокторант ғылыми зерттеу тақырыбы бойынша шетелдік ғалымдармен жұмыс істеді, Түркия денсаулық сақтау жүйесінің ұйымдарында болды, сонымен қатар «Цифрлық әлемдегі жаңа оқыту технологиялары» тақырыбында біліктілікті арттыру курсын аяқтады.

 

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus