Гранттар конкурсына құжаттарды қабылдау!

Гранттар конкурсына құжаттарды қабылдау!

Естеріңізге сала кетейік, білім беру гранттарын беру конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау 2023 жылғы 13 шілдеде басталады. Қабылдау 2023 жылдың 20 шілдесіне дейін жүргізіледі.  

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің барлық деңгейлерінде оқуға бөлінген республика бойынша білім беру гранттарының саны 88 мыңды құрайды. Олардың ішінде бакалавриатта оқу үшін-73 мың.

Құжаттарды қабылдау:

- жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары арқылы;

- электрондық үкімет порталында https://egov.kz/  жүзеге асырылады.

Егер Сіз электронды үкімет порталында конкурсқа құжаттарды тапсыру кезінде қиындықтарға тап болсаңыз, Сізге ыңғайлы болу үшін сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін Виртуалды қабылдау комиссиясы іске қосылды. Виртуалды қабылдау комиссиясы құжаттарды тапсыру кезінде сізге онлайн режимінде көмек көрсетеді.

Мемлекеттік білім беру гранттарын беру конкурсына қатысу үшін мынадай құжаттар қажет:

  • аттестат немесе диплом + 3 көшірмесі бар;
  • негізгі ҰБТ сертификаты (18.05.23-05.07.2023 аралығында);
  • Жеке куәліктің 3 көшірмесі;
  • 075-у нысанындағы медициналық анықтама + флюорография;
  • 3х4 - 6 фотосурет.

Қосымша сұрақтар бойынша:

Тел.: 8 7212 44 15 72

Call-орталығы: 708 436 2393, 8 7212 50 21 24, 8 7212 36 23 93.

Қабылдау кезінде сәттілік тілейміз!

Гранттар конкурсына құжаттарды қабылдау!

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus