Шақырылған профессордың қонақ дәрістері

Шақырылған профессордың қонақ дәрістері

Әулие Клемент Охрид атындағы София университеті - Болгарияның алғашқы жоғары оқу орны және де Болгарияның беделді және ірі университеттерінің бірі болып саналады. Оның тарихы болгар халқының ғасырлар бойғы мәдени және білім беру дәстүрінің көрінісі және жалғасы болып табылады. Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті мен Әулие Клемент Охрид атындағы София университеті арасындағы көпжылдық ынтымақтастық білім беру және ғылыми-зерттеу салаларында жүзеге асырылуда.
2023 жылғы 17-25 сәуір аралығында “Strategic Management and Leadership” тақырыбындағы дәрістер курсын шақырылған PhD, қауымдастырылған профессор Иван Ангелов оқып өтті.
Сапар барысында профессор Қарағанды Қазтұтынуодағы университетінің ректоры Е.Б. Аймағамбетовпен, академиялық мәселелер және стратегиялық даму жөніндегі проректоры Г.Е. Накиповамен, ғылыми-зерттеу және интеграциялық қызмет жөніндегі проректоры Н.Д. Кенжебековпен, сондай-ақ “Менеджмент және инновация” кафедрасының профессор-оқытушылар құрамымен өзара тиімді әрі жемісті ынтымақтастық мәселелерін шешуі үшін кездесті.
Университеттің барлық деңгейдегі білім алушылары мен профессор-оқытушылар құрамы Иван Ангеловтың қонақ дәрістеріне қатысты.

 

Шақырылған профессордың қонақ дәрістері Шақырылған профессордың қонақ дәрістері Шақырылған профессордың қонақ дәрістері Шақырылған профессордың қонақ дәрістері
Шақырылған профессордың қонақ дәрістері Шақырылған профессордың қонақ дәрістері Шақырылған профессордың қонақ дәрістері Шақырылған профессордың қонақ дәрістері
Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus