Студенттік жобаларды алдын ала іріктеу

Студенттік жобаларды алдын ала іріктеу

2023 жылдың 31 наурызында Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті кітапханасының оқу-ағарту орталығында ЭҚЗ ҒЗИ және «Достық» коворкинг орталығының Технологиялық бизнес-инкубаторға жауапты қызметкерлері студенттік жобалардың алдын ала іріктеуін ұйымдастырып, өткізді.

Бұл іс-шара 2023 жылдың 14 сәуірінде өтетін жыл сайынғы Халықаралық студенттер слетіне орайластырылған.

Комиссия мүшелері студенттер жобаларының ұсынылған презентацияларын мына келесі критерийлер бойынша бағалады: жоба идеясының жаңалығы, мақсат пен міндеттердің анықтығы, маркетингтік зерттеулер мен қаржылық-экономикалық есептеулердің сапасы, тәуекелді бағалау, бағдарламалық өнімдерді пайдалану және т.б. Әр жоба бойынша олардың сапасын арттыру бойынша ұсыныстар мен ұстанымдар берілді.

 

Студенттік жобаларды алдын ала іріктеу Студенттік жобаларды алдын ала іріктеу Студенттік жобаларды алдын ала іріктеу
Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus