• УНИВЕРСИТЕТ ТУРАЛЫ
  • Жаңалықтар мұрағаты
  • «Маркетинг және логистика» және «Тауартану және сертификаттау» кафедралары «Тамақ өнеркәсібіндегі логистика» бакалавриат кооперативтік бағдарламасын әзірлеу бойынша өңірлік семинарға қатысты

«Маркетинг және логистика» және «Тауартану және сертификаттау» кафедралары «Тамақ өнеркәсібіндегі логистика» бакалавриат кооперативтік бағдарламасын әзірлеу бойынша өңірлік семинарға қатысты

«Маркетинг және логистика» және «Тауартану және сертификаттау» кафедралары «Тамақ өнеркәсібіндегі логистика» бакалавриат кооперативтік бағдарламасын әзірлеу бойынша өңірлік семинарға қатысты

2023 жылғы 14-17 наурызда Андижан қаласында (Өзбекстан) GIZ PECA шеңберінде «Тамақ өнеркәсібіндегі логистика» бакалавриат кооперативтік бағдарламасын әзірлеу бойынша өңірлік семинар өтті.
Deutsche Gesellschaft für internationale Zusammenarbeit (GIZ) GmbH «Орталық Азиядағы экономикалық өсу секторлары үшін кәсіптік білім беру" (ағылш. PECA) тамақ өнеркәсібі мен логистика мысалында Орталық Азиядағы кәсіптік білім беруді жаңғырту процестеріне жәрдемдеседі.
Жоба өңірлік семинарда ұсынылған Қазақстанда, Қырғызстанда, Тәжікстанда және Өзбекстанда жүзеге асырылуда.
Семинар жұмысына GIZ PECA өкілдері - Гүлнара Рахматуллаева, ICON сарапшылар тобының жетекшісі – Херман Сонневельд, ICON сарапшылары - профессор Фрэнк Гиллерт, Фрэнк Нойманн қатысты.
Қазақстаннан Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің оқытушылары қатысты: т.ғ.д., проф. Есенбаева Г.А. – Тауартану және сертификаттау кафедрасының меңгерушісі; э.ғ.к. Мажитова С.К. - Маркетинг және логистика кафедрасының меңгерушісі; магистр, Маркетинг және логистика кафедрасының аға оқытушысы Шахшина А.К., сондай-ақ тәжірибелік қызметкер, Natige компаниясының бас технологы Исатаева Р.Б.
Әріптестік жоғары оқу орындарының делегациялары (Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті, М. М. Адышев атындағы Ош технологиялық университеті, Андижан ауыл шаруашылығы және агротехнология институты, Осими атындағы Тәжік техникалық университеті) «Логистика» білім беру бағдарламасының оқу жоспарларының жобаларымен өзара танысты; мамандықты дамыту тәжірибесімен бөлісті, жоғары кәсіптік білім беру саласындағы нормативтік актілердегі айырмашылықтарды анықтады; бакалавриаттың кооперативтік бағдарламасын дәйекті әзірлеу, сондай-ақ барлық серіктес жоғары оқу орындары үшін кейіннен аккредиттеуге дайындық үшін негіз құру бойынша жалпы қадамдар айқындалды.

«Маркетинг және логистика» және «Тауартану және сертификаттау» кафедралары «Тамақ өнеркәсібіндегі логистика» бакалавриат кооперативтік бағдарламасын әзірлеу бойынша өңірлік семинарға қатысты «Маркетинг және логистика» және «Тауартану және сертификаттау» кафедралары «Тамақ өнеркәсібіндегі логистика» бакалавриат кооперативтік бағдарламасын әзірлеу бойынша өңірлік семинарға қатысты

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus