«Мемлекеттік тіл – менің тілім» фестивалі

«Мемлекеттік тіл – менің тілім» фестивалі2023 жылдың 28 ақпан күні университетте Қарағанды қаласында ЖОО мен колледж студенттері арасында «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты фестиваль өтті. Фестивальдің өткізілу мақсаты – мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру, мемлекеттік тілді жетік білетін студенттерді ынталандыру, қалың көпшілікке, жастарға үлгі етіп көрсету, университеттер арасында тығыз байланыс орнату және Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің әлеуеті мен жетістіктерін басқа оқу орны студенттеріне таныстыру. Аталған іс-шараға Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті, Е.А.Бөкетов атындағы ҚарУ, Ә.Сағынов атындағы ҚарТУ, Б.Бейсенов атындағы Қарағанды Академиясы, Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті экономика, бизнес және құқық колледжінің студенттер командасы қатысты.
Фестиваль барысында әр түрлі ұлт өкілдерінен құралған командалар мемлкеттік тілде өздерін таныстырып, қазақша түрлі тақырыпта көрініс көрсетіп, ән шырқап, қазақ тілінде қойылған сұрақтарға жауап беріп, өздерінің мемлекеттік тілді жетік білетіндіктерін көрсете білді. Іс-шараның арнайы қонағы ретінде университет түлегі, жас әнші Ұланғасыр Қамиев ән айтып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Фестиваль қорытындысы бойынша Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің «Жалынды жастар» тобы 1 орын, Ә.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің «Сағынов сұңқарлары» тобы 2 орын, Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының «Айбынды курсанттар» тобы 3 орын алып, арнайы ақшалай сыйлықтармен, дипломдармен марапатталды.

 

«Мемлекеттік тіл – менің тілім» фестивалі «Мемлекеттік тіл – менің тілім» фестивалі «Мемлекеттік тіл – менің тілім» фестивалі
«Мемлекеттік тіл – менің тілім» фестивалі «Мемлекеттік тіл – менің тілім» фестивалі «Мемлекеттік тіл – менің тілім» фестивалі
   
   
Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus