«Стартап жобалар: идеядан жүзеге асыруға дейін»

«Стартап жобалар: идеядан жүзеге асыруға дейін»2023 жылдың 23 ақпанында студенттер, магистранттар, докторанттар және жас оқытушылар үшін «Стартап жобалар: идеядан жүзеге асыруға дейін» тақырыбында шеберлік сыныбы өтті. Шеберлік сыныбының тақырыбы студенттердің технологиялық кәсіпкерлікке деген қызығушылығының артуына байланысты. Шараны Жас ғалымдар кеңесі ұйымдастырды.

Шеберлік сыныбына спикер ретінде «А-Бизнес. Қазақстан» ЖШС директоры, 1C Awards бойынша «Жыл жобасы» байқауының жеңімпазы, Bitrix 24 алтын серіктесі -  Дурмағамбетов Тимур Нұрланұлы шақырылды.

Шеберлік сыныбы барысында спикер аудиторияға стартап дегеніміз не, инкубатордың акселератордан айырмашылығы неде, неліктен үйренуге ешқашан кеш болмайтынын түсіндірді. Шеберлік сабағы нәтижелі өтті, сөз соңында студенттер белсенді түрде қызықты сұрақтар қойды. Қатысушылар кездесу туралы оң пікірлерін қалдырып, спикерге пайдалы ақпараты үшін алғыстарын білдірді.

 «Стартап жобалар: идеядан жүзеге асыруға дейін»

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus