Қазақстан тарихы пәні бойынша олимпиада

Қазақстан тарихы пәні бойынша олимпиада2023 жылғы 25 ақпанда Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде Қарағанды облысы мен Қарағанды қаласының оқушылары арасында Қазақстан тарихы бойынша олимпиада өтті. Олимпиадаға 10 мектептен 37 оқушы қатысты.
Олимпиаданың мақсаты: Қазақстан тарихына деген қызығушылықты анықтау және дамыту, сондай-ақ мектеп оқушыларын Қазақстан тарихын зерттеуге тарту.
Олимпиада 2 турдан тұрды. Бірінші тур - "Менің Отаным Қазақстан" тақырыбында эссе жазу, оның барысында ең көп балл жинаған оқушылар іріктелді. Екінші тур екі тапсырмадан тұрды: біріншісі – "Тарихи тұлғалар" викторинасы, екіншісі – "Эрудит". Олимпиада қорытындысы бойынша конкурстық қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтады:
I-орын: Абдимуталип Әбілхайыр (№1 ЖББМ , Приозерск қ.) және Салихова Ангелина ("№88 ЖББМ" КММ)
II-орын: Таңат Нұрсұлтан («Дарын» ММЛИ КММ) и Кенжебай Нуржан ("№88 ЖББМ" КММ)
III-орын: Дүйсебеков Нұрлан (№74 ЖББМ) и Олейник Дарья (КГУ ОШ «Им. Г.Н. Потанина»)
Барлық қатысушылар грамоталармен және сертификаттармен марапатталды, мұғалімдерге алғыс хаттар табысталды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және одан әрі табыс тілейміз!

 

Қазақстан тарихы пәні бойынша олимпиада Қазақстан тарихы пәні бойынша олимпиада Қазақстан тарихы пәні бойынша олимпиада
Қазақстан тарихы пәні бойынша олимпиада Қазақстан тарихы пәні бойынша олимпиада Қазақстан тарихы пәні бойынша олимпиада
Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus