«Тарихи жадтың жолдарымен» халықаралық интеллектуалдық QUIZ онлайн викторинасы

«Тарихи жадтың жолдарымен» халықаралық интеллектуалдық QUIZ онлайн викторинасы2023 жылдың 2 ақпанында Гомель облысының Ректорлар кеңесі аясында Беларусь тұтыну кооперативтерінің сауда-экономикалық университетінде (Гомель қ.) «Тарихи жадтың жолдарымен» халықаралық интеллектуалдық QUIZ онлайн викторинасы өтті. Викторина Ұлы Отан соғысы тақырыбына арналды. Командаларға сұрақтардың үш блогына жауап беру тапсырмасы берілген болатын: 1) бірнеше нұсқалардың ішінен дұрыс жауапты таңдау; 2) иллюстрацияда берілген объектінің, оқиғаның атауын көрсету; 3) тарихи оқиға, тұлғалар туралы мейлінше толық мәлімет беру. Қатысушылар сұрақтарға мүмкіндігінше тез және дұрыс жауап берулері керек болды. Викторинаға Беларусь, Ресей, Өзбекстан және Қазақстанның 15 жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.
Біздің университеттің студенттері:
Айтжанов Санжар (МО-42 тобы);
Кобзева Виктория (МО-22-2 тобы);
Сатдарова Карина (МО-22-2 тобы);
Черкашина Елизавета (МО-22-2 тобы)
Грядунов Ярослав (Ю-22-2 тобы)
аталған викторинаға қатысты.
Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, университетіміздің командасы терең білім көрсете білді. Зияткерлік сайыс нәтижесінде университетіміздің студенттері «Жеңіске деген ерік-жігері үшін» номинациясы бойынша дипломмен және сертификаттармен марапатталды.

 

«Тарихи жадтың жолдарымен» халықаралық интеллектуалдық QUIZ онлайн викторинасы «Тарихи жадтың жолдарымен» халықаралық интеллектуалдық QUIZ онлайн викторинасы
«Тарихи жадтың жолдарымен» халықаралық интеллектуалдық QUIZ онлайн викторинасы «Тарихи жадтың жолдарымен» халықаралық интеллектуалдық QUIZ онлайн викторинасы

 

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus