«ТІЛ БІЛГІРІ» ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ

«ТІЛ БІЛГІРІ» ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ 2023 жылдың 7-ақпаны күні Экономика, басқару және кәсіпкерлік факультеті қазақ тілі және Қазақстан мәдениеті кафедрасының ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында «Тіл білгірі» атты пәндік олимпиада өтті.
Олимпиадаға 16 қалалық мектептен 50-ден аса 11-сынып оқушылары қатысты. Оқушылар пәндік олимпиада барысында мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріп, берілген тақырыптар бойынша эссе жазды. Сонымен қатар мектеп оқушыларына ҰБТ туралы, Қазтұтынуодағы Қарағанды университетіндегі мамандықтар туралы мәлімет берілді.
Олимпиада бойынша марапаттау 10 ақпан күні Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде өтеді. Олимпиада қорытындысы бойынша 1-3 орын алған оқушылар арнайы дипломдармен марапатталады. Марапаттау барысында қазақ және орыс сыныбының оқушылары жеке қарастырылады. Университет ректоры тарапынан 2023-2024 оқу жылында Қазтұтынуодағы Қарағанды университетіне оқуға түскен жағдайда оқу ақысын төлеуде 15 %, 10%, 5 %, жеңілдік сертификаттарына үздік нәтиже көрсеткен 6 оқушы (қазақ сыныбы 3, орыс сыныбы 3) ие болады. Орын алмаған, бірақ жақсы нәтиже көрсеткен қатысушыларға алғыс хаттар табыс етіледі.

 

«ТІЛ БІЛГІРІ» ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ «ТІЛ БІЛГІРІ» ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ «ТІЛ БІЛГІРІ» ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ


Жеңімпаздарды марапаттау:
І орын – 1
ІІ орын – 2
ІІІ орын – 3
Олимпиада қорытындысы бойынша қазақ және орыс сыныбында оқитын оқушылар арасында жүлделі орынға ие болған оқушылар:
Қазақ сыныбы бойынша:
1-орын – Сәбитова Сәния Серікқызы, оқу ақысына 15% жеңілдік
(«Бауыржан Момышұлы атындағы ЖББМ» КММ)
2-орын – Бисембаева Анель Алматовна, оқу ақысына 10% жеңілдік
(Сәкен Сейфуллин атындағы гимназия)
2-орын – Алдаберген Жаннұр (№2 Білім инновация лицей-интернаты)
3-орын – Көшен Аят Бауыржанқызы, оқу ақысына 5% жеңілдік
(«№66 мектеп-лицейі» КММ)
3-орын – Каримова Жанель Талгатовна («№15 ЖББМ» КММ)
3-орын – Рысқали Қаламқас Қайырғалиқызы («№ 85 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі)
Орыс сыныбы бойынша:
1-орын – Шилина Даниэлла Александровна, оқу ақысына 15% жеңілдік
(«№1 гимназия» КММ)
2-орын – Абдиров Батырхан Аликенович, оқу ақысына 10% жеңілдік («Б.Момышұлы атындағы ЖББМ» КММ)
2-орын – Школяр Роман Викторович («Мұрагер» мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты)
3-орын – Толешова Айсұлу Бақытбекқызы, оқу ақысына 5% жеңілдік («№66 мектеп-лицейі» КММ)
3-орын – Галкин Артемий Валерьевич («Б.Момышұлы атындағы ЖББМ» КММ)
3-орын – Запорощенко Полина Алексеевна («Қазыбек Нұржанов атындағы гимназия» КММ)

 

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus