Атамекен-2022 рейтингінің қорытындысы: Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің бағдарламалары үздіктер қатарында!

Атамекен-2022 рейтингінің қорытындысы: Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің бағдарламалары үздіктер қатарында!

"Атамекен" ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ғылым және жоғары білім Министрлігінің тапсырысы бойынша бесінші рет қазақстандық жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларын тәуелсіз бағалауды қорытындылады.
Рейтинг 19 критерий бойынша өткізілді, олардың негізгілері: жұмысқа орналасу деңгейі, орташа жалақы, білім беру бағдарламаларын аккредиттеу, оқытушылардың сапасы, білім беру бағдарламаларының өзектілігі.
Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің білім беру бағдарламаларының іс жүзінде 50%-ы ТОП-10 рейтингке кірді, олардың ішінде:
Бағалау-3 орын;
Әлемдік экономика - 3 орын;
Халықаралық қатынастар - 3 орын;
Логистика - 4 орын;
Стандарттау және сертификаттау - 5 орын;
Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету - 6 орын;
Азық-түлік технологиясы-8 орын;
Мейрамхана және қонақ үй бизнесі-9 орын.
Университеттің басқа бағдарламалары да рейтингте лайықты орындарға ие болды:
Ақпараттық жүйелер - 50 орыннан 12 орын;
Менеджмент - 36 орыннан 12 орын;
Құқықтану - 56 орыннан 13 орын;
Қаржы – 65 орыннан 13 орын;
Мемлекеттік және жергілікті басқару – 13 орын;
Туризм - 30 орыннан 17 орын;
Есеп және аудит-64 орыннан 20 орын;
Экономика-54 орыннан 25 орын;
Экология - 28 орын.
Рейтингке қатысқан университет бағдарламалары бойынша жұмысқа орналасу 66%-дан 100%-ға дейін, осы бағдарламалардың түлектерінің орташа жалақысы орта есеппен 134.825 теңгені, ал жұмыс іздеу уақыты 1,5 айдан 4 айға дейін.
Университеттің жетістіктеріне қосқан үлесі үшін баршаңызға алғыс айтамыз және жұмыста табыс тілейміз!

 

Атамекен-2022 рейтингінің қорытындысы: Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің бағдарламалары үздіктер қатарында! Атамекен-2022 рейтингінің қорытындысы: Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің бағдарламалары үздіктер қатарында!
Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus