Кәсіби бағдар беру жұмысы: ынтымақтастықтың жаңа міндеттері мен перспективалары

Кәсіби бағдар беру жұмысы: ынтымақтастықтың жаңа міндеттері мен перспективалары2022 жылғы 19 желтоқсанда Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті «Қарағанды қаласының білім бөлімі» ММ-мен бірлесіп ұйымдастырған Педагог-кәсіби бағдар берушілерге арналған «Оқушылармен кәсіптік бағдар беру жұмысы: ұйымдастыру, диагностика, инновациялық технологиялар"семинары өтті.
2022/2023 оқу жылының басынан бастап жалпы білім беретін мектептерде кәсіптік бағдар беру жұмысына ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылықты жүзеге асыруға, кәсіпті саналы түрде таңдау үшін оқушыларды ақпараттандыру және кеңес беру процесін үйлестіруге және басқаруға арналған педагог-кәсіптік бағдар беруші лауазымы енгізілді.
«Психология, педагогика және әлеуметтік жұмыс» кафедрасының оқытушылары п.ғ.к., доцент Кенжебаева С.К., аға оқытушы, магистр Мусабекова А.С., магистр оқытушы Гроссул Н.С. және А.А. Исаевтың баяндамаларында педагог-кәсіптік бағдар беруші қызметінің мазмұны мен функциялары, Оқушылардың кәсіптік бағдарлануын диагностикалау мәселелері қаралып, белсенді талқыланды. Сондай-ақ, Қ.Сәтбаев гимназия КММ, М. Мамыраев ат. №85 ЖББМ мектеп-интернатының педагог-кәсіби бағдар берушілерінің тиімді тәжірибесі мен жетістіктері ұсынылды.
Семинарға «Қарағанды қаласының білім бөлімі» ММ өкілдері қатысты: жетекшісі Әшім Е.М., оқу және тәрбие жұмысын үйлестіру секторының меңгерушісі Ауылбекова Ш.Д., әдіскер Гавриш А.С., және Қарағанды қаласы мектептерінің 95 педагог-кәсіби бағдар берушілері қатысты.
Семинарға қатысушылар оқушылармен кәсіптік бағдар беру жұмысының тиімділігі оқушылардың кәсіби өзін-өзі анықтауға мүдделі барлық тараптардың бірлескен жұмысының сапасына байланысты екенін атап өтіп, университет басшылығына, кәсіптік бағдар беру және қоғаммен байланыс орталығының директоры Л.Х. Ивадилиноваға, «Психология, педагогика және әлеуметтік жұмыс» кафедрасына семинарды ұйымдастыру мен өткізудің жоғары деңгейі үшін алғыс білдірді.
Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.

 

Кәсіби бағдар беру жұмысы: ынтымақтастықтың жаңа міндеттері мен перспективалары Кәсіби бағдар беру жұмысы: ынтымақтастықтың жаңа міндеттері мен перспективалары Кәсіби бағдар беру жұмысы: ынтымақтастықтың жаңа міндеттері мен перспективалары
Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus