Кәсіби қауымдастықтармен серіктестік

Кәсіби қауымдастықтармен серіктестік

23 қыркүйек күні Астана қаласында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің базасында «Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық Альянсы» РҚБ ұйымдастыруымен «Кәсіби қауымдастықтардың әлеуметтік жұмысты дамытуға қосқан үлесі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің мақсаты Қазақстан мен Орталық Азиядағы әлеуметтік жұмыс саласындағы әлеуметтік маңызы бар жобаларды бірлесіп жүзеге асыру үшін әлеуетті стейкхолдерлер мен серіктестерге Қазақстанның әлеуметтік жұмыс мектептері қауымдастығын таныстыру.
Дөңгелек үстел жұмысына ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкілі Әзімова Э.А., ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Сүлейменова Ж.Д., ҚР Премьер-Министрінің Кеңесшісі Асылова Б.А., шетелдік сарапшылар, Қазақстанның жоғары оқу орындары мен ҮЕҰ өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстелде «Жоғары оқу орындары мен колледждердің білім беру бағдарламаларын әзірлеуге кәсіби қауымдастықтардың қосқан үлесі» атты баяндамамен ППжӘЖ кафедрасының меңгерушісі Абдакимова М.К. сөз сөйледі.
Баяндамада Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық Альянсымен «Әлеуметтік жұмыс» Білім беру бағдарламасын жетілдірудегі, оқытушылардың біліктілігін арттырудағы және бірлескен ғылыми-зерттеу қызметіндегі көп жылғы жемісті жұмысы атап өтілді. Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің Қазақстанның әлеуметтік жұмыс мектептері қауымдастығына кіруі Орталық Азия аймағының кәсіби қауымдастықтары деңгейінде одан әрі ынтымақтастық перспективаларын кеңейтеді және тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін әлеуметтік жұмыс жөніндегі халықаралық күн тәртібіне қатысуды қамтамасыз етеді.

 

Кәсіби қауымдастықтармен серіктестік Кәсіби қауымдастықтармен серіктестік Кәсіби қауымдастықтармен серіктестік
Кәсіби қауымдастықтармен серіктестік Кәсіби қауымдастықтармен серіктестік Кәсіби қауымдастықтармен серіктестік
Кәсіби қауымдастықтармен серіктестік Кәсіби қауымдастықтармен серіктестік Кәсіби қауымдастықтармен серіктестік
Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus