ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ – ЖАҢА АШЫЛУЛАР ЖӘНЕ МАНСАПТЫ ӨСУ ЖОЛЫ!

ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ – ЖАҢА АШЫЛУЛАР ЖӘНЕ МАНСАПТЫ ӨСУ ЖОЛЫ!

8D041 Бизнес және басқару оқыту бағыты бойынша – 8D04107 Инновациялық менеджмент (докторантура) жаңа білім беру бағдарламасы 2022 жылғы 12 шілдеде білім беру бағдарламасының реестрінде тіркелді.
Білім беру бағдарламасының мақсаты – ақпараттық экономикадағы инновациялық үдерістердің ерекшеліктерін қамтитын жаңа принциптер мен әдістер негізінде бизнесті басқару саласында танымал ойлау стильдері, кәсіби құзыреттіліктері мен дағдылары бар бәсекеге қабілетті кадрларды дайындау.
Білім беру бағдарламасының бірегейлігі:
- цифрлық экономикадағы инновациялық процестерді басқарудың ерекше қасиеттері мен заңдылықтарын игерген, оның әсерлерін ескере отырып, ақпараттық нарыққа арналған бизнес-модельдерді жобалай алатын және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында оларды түрлендіруге қабілетті менеджердің жаңа біліктілік моделін қалыптастырады;
- қазіргі заманғы менеджердің танымал ойлау стильдерін дамытады: аналитикалық, жүйелік, конструкторлық, шығармашылық, дизайн, бұл оған экономиканың жеке және мемлекеттік салаларындағы лауазымдарға үміткер болуға мүмкіндік береді.

8D04107 «Инновациялық менеджмент» білім беру бағдарламасының түлегіне 8D04107 «Инновациялық менеджмент» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесі беріледі.

Оқыту мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде және коммерциялық негізде жүргізіледі.

Сіздерді оқуға шақырамыз!

Біз әлеуметтік желілердеміз: @management_inn_karuk

 

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus