Бизнес идеялар байқауының қорытындылары

Бизнес идеялар байқауының қорытындылары31 Мамырда "Бизнес идея"XI халықаралық байқауының финалдық кезеңі өтті.
Байқаудың өзі 2022 жылдың 18 сәуірінде Г.В. Плеханов атындағы Пермь институтында (филиалында) басталды..
Байқау екі кезеңнен тұрды. Күндізгі және oнлайн форматта өтті.
Бірінші кезеңде Ресейден (Пермь, Тула, Краснодар, Брянск, Севастополь, Волгоград, Орынбор, Смоленск, Иваново, Воронеж), сондай-ақ Армениядан, Қазақстаннан және Беларусь Республикасынан 70 жұмыс ұсынылды.
Байқауды құзыретті қазылар алқасы бағалады. ТМД елдерінің ғылыми қоғамдастығының өкілдері, бизнес құрылымдардың өкілдері және әйгілі Worldskills халықаралық Шеберлер байқауының сертификатталған сарапшылары кірген.
Финалға Г. В. Плеханов атындағы РЭУ филиалдарынан және шетелдік серіктес жоғары оқу орындары 34 студенттердің жұмысы жіберілді.
Олардың қатарында "Халықаралық қатынастар" білім беру бағдарламасының, МО - 19-1к тобының студенті Жапашов Алишердің бизнес-жобасы болды. Әлішер "экология" бағытында "Фандоматтар: "Ecomat" жобасымен ІІІ орын алды(ғылыми жетекшісі - Қалиева Г.К.).
Әлішерді құттықтаймыз және оған шығармашылық жеңістер тілейміз!

 

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus