Қазтұтынуодағы ҚарУ оқу бағдарламаларының сапасы расталды

Қазтұтынуодағы ҚарУ оқу бағдарламаларының сапасы расталды

Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті халықаралық және ұлттық сарапшыларға көрсетілетін білім беру қызметінің сапасын тағы бір мәрте растады.
2022 жылғы 30 сәуірде «Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттік» Мемлекеттік емес мекемесі Аккредиттеу кеңесінің шешімімен 6 білім беру бағдарламасын 7 жылға аккредиттеу туралы шешім қабылданды: 6В04102 – Менеджмент, 7M04105 / 7M04106 – Менеджмент, 6В04103 – Бухгалтерлік есеп және аудит, 7M04107 / 7M04108 - Бухгалтерлік есеп және аудит, 6В04104 - Қаржы, 7M04109 / 7M04110 - Қаржы.
Келесі білім беру бағдарламалары бойынша 5 жыл мерзімге аккредиттеу туралы шешім қабылданды: 6В11303 – Логистика, 6В01401 – Құқық және экономика негіздері, 6В05201 – Экология, 8D04101 – Экономика, 8D04103 – Мемлекеттік және жергілікті басқару.
Біз қызметкерлерді, оқытушыларды, бiлiм алушыларды бағдарламаның аккредитациясын сәтті аяқтауларымен құттықтаймыз және ұжымға одан әрі нәтижелі жұмыс және жаңа жетістіктер тілейміз.

.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus