Қазтұтынуодағы ҚарУ студенттері «Инсайт-2022» хакатонында жүлделі 2 орынға ие болды

Қазтұтынуодағы ҚарУ студенттері «Инсайт-2022» хакатонында жүлделі 2 орынға ие болды2022 жылдың 7-9 сәуірінде Қарағанды техникалық университетінде Қарағанды облысы университеттерінің IT-мамандығының студенттері мен магистранттары арасында "Инсайт-2022" хакатоны өтті.
Хакатонда облыстың 5 университетінен барлығы 16 команда құрылды. Компанияның өнімдері мен қызметтерінің желісін кеңейте алатын жобалар ең сәтті болды.
Қатысушы командалар "АрселорМиттал Теміртау" АҚ, EPAM SYSTEMS, X-Net, KAZPROM AVTOMATIKA ЖШС, "Qazdevelop" ЖШС, WOOPPAY ЖШС өкілдері ұсынған деректерді талдағаннан кейін ғана нақты шешімдерді ұсынуға тиіс болды.
Хакатон нәтижелері бойынша ИС-20-2 тобының студенттері Әмірқұл Н.А., Балмакаев Т.М., сонымен қатар НП Ф-21-1 тобының магистранты Жанбекова А. құралған университет командасы 2 орын алды.
Студенттерімізді құттықтаймыз және алдағы уақытта табыс тілейміз!

 Қазтұтынуодағы ҚарУ студенттері «Инсайт-2022» хакатонында жүлделі 2 орынға ие болды

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus