Дайын бизнес жобалар мен стартап жобалар және студенттердің рәсімделген бизнес-идеялар конкурсы

Дайын бизнес жобалар мен стартап жобалар және студенттердің рәсімделген бизнес-идеялар конкурсы

2022 жылдың 11-12 сәуірінде "Коворкинг центр Достық" технологиялық бизнес инкубаторы "Инновациялық жобалар: болашаққа көзқарас"дайын бизнес жобалар мен старт-ап жобалар және студенттердің рәсімделген бизнес-идеялары байқауының 1 кезеңін (алдын ала қорғау) ұйымдастырды.
Байқаудың қазылар алқасының құрамына келесілер кірді:
- Ханов Талгат Ахматзиевич – заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің экономикалық және құқықтық зерттеулер ҒЗИ директоры
- Сатымбекова Саида Базарбайқызы - Ақпараттық жүйелер магистрі, Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің "Цифрлық инженерия және IT Аналитика" кафедрасының оқытушысы
- Қалиева Гаухар Кенесханқызы - экономика магистрі, Экономика, басқару және кәсіпкерлік факультеті
- Елеубекова Назгүл Елеубекқызы - құқық магистрі, Бизнес, құқық және технологиялар факультеті.
Алдын ала қорғауға 40 жобаның 30-ы жіберілді.
Стартаперлердің сөздерінен кейін пікірталас өтті, нақты ұсыныстар берілді. Алдын ала қорғау қорытындысы бойынша финалда қорғауға 15 жобаны ұсыну туралы шешім қабылданды.

 

Дайын бизнес жобалар мен стартап жобалар және студенттердің рәсімделген бизнес-идеялар конкурсы Дайын бизнес жобалар мен стартап жобалар және студенттердің рәсімделген бизнес-идеялар конкурсы Дайын бизнес жобалар мен стартап жобалар және студенттердің рәсімделген бизнес-идеялар конкурсы
Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus