«ХХІ ҒАСЫР ЖАСТАРЫ: ҚАЗІРГІ ЗАМАННЫҢ КЕЛБЕТІ»

«ХХІ ҒАСЫР ЖАСТАРЫ: ҚАЗІРГІ ЗАМАННЫҢ КЕЛБЕТІ»

Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде "ХХІ ғасыр жастары: қазіргі заманның келбеті "атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік форум өтті. Ірі ғылыми шараны бизнес, құқық және технология факультеті ұйымдастырды. Жас ғалымдардың "ХХІ ғасыр жастары: қазіргі заманның келбеті" Халықаралық форумы жаңа Қазақстанның тәуелсіздігі кезеңіндегі ғылыми жетістіктеріне арналды. Форумды өткізуге Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы, Қарағанды облысының "Жас Отан" жастар қанаты, ҚР Нұрсұлтан қаласының мамандандырылған аудандық әкімшілік соты қолдау көрсетті. Форум жұмысына Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің, "Н.Г. Чернышевский атындағы Саратов ұлттық зерттеу мемлекеттік университеті", В. Я. Горин атындағы Белгород мемлекеттік аграрлық университетінің өкілдері, Қырғыз-Ресей білім академиясы, Мәскеу қаржы-заң университеті қатысты. Форум қорытындысы бойынша үздік жұмыстар дипломдармен және сертификаттармен марапатталды.

 

«ХХІ ҒАСЫР ЖАСТАРЫ: ҚАЗІРГІ ЗАМАННЫҢ КЕЛБЕТІ» «ХХІ ҒАСЫР ЖАСТАРЫ: ҚАЗІРГІ ЗАМАННЫҢ КЕЛБЕТІ»
Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus