«ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ РӨЛІ»

«ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ РӨЛІ»

2022 жылғы 01 сәуірде Республикалық жоғары оқу орындары арасындағы ғылыми-әдістемелік семинар өтті. Ғылыми-әдістемелік семинардың ұйымдастырушылары Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті "Психология, педагогика және әлеуметтік жұмыс" кафедрасы, Павлодар педагогикалық университеті, педагогика Жоғары мектебі, "Педагогика және психология" білім беру бағдарламасының бөлімі және академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті "Мектепке дейінгі және психологиялық-педагогикалық дайындық"кафедрасы.
Семинар қонақтары: Аплашова А.Ж. пс.ғ.к. профессор. Павлодар педагогикалық университеті, Садуова Ж. п.ғ.к. Х. А.Ясауи, психолог-педогогтар М. М. Тусупова Қарағанды ХББ НЗМ, А.Н. Байболова Кентау қаласындағы "Дарын" мектеп-интернаты, Л. К. Карипаева " № 16. Қарағанды ЖББМ.
Ғылыми-әдістемелік семинар мақсаты – білім беру жүйесіндегі психологиялык қызметтің теориясы мен тәжірибесін талдау, психикалық және тұлғалық дамуға әсер ететін ерекшеліктері мен әдіснамасын түсіндіру.
Ғылыми-әдістемелік семинар жұмысы мемлекеттік тілде онлайн форматта өткізіледі.
Семинарда психологиялық қызметтің уақыт талаптарына байланысты өзекті міндеттері және тиімді дамуға кедергі келтіретін негізгі проблемалар атап өтілді.
Барлық баяндамалар қызығушылықпен және ықыласпен тыңдалды. Қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді. Семинар жұмысына ПиМО-21-1к тобының студенттері А.Қ. Әлмағанбетова белсенді қатысты., Галимова А.
Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар мен дипломдар табыс етілді.
Семинардың модераторы "Психология, педагогика және әлеуметтік жұмыс" кафедрасының аға оқытушысы– Кусайнова Маржангул Амантаевна болды.

 

«ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ РӨЛІ» «ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ РӨЛІ»
«ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ РӨЛІ» «ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ РӨЛІ»
Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus