«Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы базасында өткізілген сабақ

«Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы базасында өткізілген сабақ

Кәсіпорындарға бару сабақтары немесе экскурсиялар Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде оқуды ұйымдастырудың көп жылдық дәстүрлі және кеңінен қолданылатын түрі болып табылады.
2022 жылдың 25 ақпанында «Кәсіпкерлік» пәні аясында «Менеджмент және инновация» кафедрасының меңгерушісі, PhD, доцент Д.М. Салауатова «Атамекен»Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы базасында көшпелі сабақ ұйымдастырды.Директор Кульпеисов Е. Д., адами капиталды дамыту бөлімінің бастығы Оспанова К.А. студенттермен шағын, орта және ірі бизнестің мүдделерін білдіретін, құқықтары мен мүдделерін қорғауды, бизнес жұмысының заңнамалық және өзге де нормативтік қағидаларын қалыптастыру процесінде барлық кәсіпкерлердің кеңінен қамтылуын және тартылуын қамтамасыз ететін коммерциялық емес ұйым ретінде Палата қызметінің негізгі бағыттары бойынша түсіндіру сұхбаты ұйымдастырылды және өткізілді. Адами капиталды дамыту бөлімінің бастығы К.А. Оспанова «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының негізгі бөлімдері бойынша экскурсия жүргізіп, олардың қызметімен таныстырды.
Студенттер жобаларды гранттық/ жеңілдікпен қаржыландыру байқауларына қатысу мүмкіндігі бойынша сұрақтар қойды, себебі «Кәсіпкерлік» пәні бойынша қорытынды жұмыс бизнес-жоспарды әзірлеу болып табылады. Кездесу қызықты және нәтижелі өтті.
Ынтымақтастық үшін» Атамекен « Ұлттық Кәсіпкерлер палатасына алғыс айтамыз!

 

«Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы базасында өткізілген сабақ «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы базасында өткізілген сабақ «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы базасында өткізілген сабақ
«Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы базасында өткізілген сабақ «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы базасында өткізілген сабақ «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы базасында өткізілген сабақ
Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus