"Ауғанстан. Біздің жадымыз бен азабымыз..."

"Ауғанстан. Біздің жадымыз бен азабымыз..."2022 жылдың 17 ақпанында университетте "Қарағанды облысының Ауғанстандағы соғыс ардагерлері мен мүгедектері Одағы" қоғамдық бірлестігінің мүшесі, Қарағанды қ. Қазыбек би атындағы ауданның ардагерлер кеңесінің мүшесі, ауған-жауынгері Қабдуев Ақжол Есетұлы және университет ардагерлер кеңесінің төрағасы, запастағы полковник, бұрынғы КСРО ыстық нүктелеріндегі ұрыс қимылдарына қатысушы Сүйіндіков Жеңісбек Сүйіндікұлының қатысуымен кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуының 33 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел модераторы, "Әлеуметтік-саяси пәндер және Қазақстан халқы Ассамблея" кафедрасының профессоры Қ.Ж. Әбілов кеңес халқы тарихындағы осы күнге дейін сақталған ең қайғылы беттердің бірі туралы айтып берді.
Ардагерлерге сөз бере отырып, Қ.Ж. Әбілов: "Бұрынғы Кеңес республикаларында Ауғанстаннан әскерлерді шығару күнін салтанатты түрде атап өтеді, өздерінің әскери және интернационалдық борышын өтеген сол соғысқа қатысушыларға құрмет көрсетеді, шет елде қаза тапқан әскери жолдастарын еске алады", - деп атап өтті.
Дөңгелек үстел қонақтары жастармен өз естеліктерімен, тәжірибелерімен бөлісті, оларға ешқашан соғыстың қасіретін білмеуін, бірақ әрқашан Отанын қорғауға дайын болуын тіледі.
Дөңгелек үстелге қатысушыларға ауған соғысы туралы деректі бейнефильмдер көрсетілді.

 

"Ауғанстан. Біздің жадымыз бен азабымыз..." "Ауғанстан. Біздің жадымыз бен азабымыз..." "Ауғанстан. Біздің жадымыз бен азабымыз..."
"Ауғанстан. Біздің жадымыз бен азабымыз..." "Ауғанстан. Біздің жадымыз бен азабымыз..." "Ауғанстан. Біздің жадымыз бен азабымыз..."

 

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus