DELTA М халықаралық компаниялар тобының өкілдерімен кездесу

DELTA М халықаралық компаниялар тобының өкілдерімен кездесу

2022 жылдың 9 ақпанында «Құқықтану», «Кеден ісі», «Қаржы», «Экономика» мамандықтарының студенттері DELTA М компаниясының өкілдерімен кездесті.
Қазақстан Республикасындағы Delta M компаниясы 10 жылдан астам Шығыс Еуропа мен Азияда үмітсіз берешекті басқару, кеңес беру және инкассо процестерін автоматтандыру саласында жұмыс істеп келе жатқан “Delta M” халықаралық компаниялар тобына кіреді.
Компания мансап құрудың және таланттарды қолдаудың ашық жүйесін енгізді.
150-ден астам қызметкері бар Delta M компаниясы проблемалық несиелерді қайтару бойынша нарық көшбасшысы болып табылады.
Компания қазірдің өзінде университетіміздің түлектерін түрлі басшылық қызметтерге жұмысқа орналастырып, үміткерлерді іріктеу кезінде олар Қазтұтынуодағы ҚарУ түлектеріне басымдық береді.
Кездесуге қатысқан студенттер қызығушылық танытып, өзара пікір алмасты.

 DELTA М халықаралық компаниялар тобының өкілдерімен кездесу

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus