Математика Олимпиадасының нәтижелері

Математика Олимпиадасының нәтижелері2022 жылдың 6 қаңтарында Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің «Жоғары математика» кафедрасы жалпы білім беретін оқу мекемелерінің 9-11 сынып оқушылары арасында облыстық Олимпиада өткізді. Олимпиада мақсаты - математикадан дарынды, талантты оқушыларды анықтау және олардың одан әрі зияткерлік дамуы; оқушылардың математиканы оқуға деген қызығушылығын арттыру, теориялық білім мен дағдыларды тереңдету.
Келесі жалпы орта білім беру мектептерінің оқушылары пәндік Олимпиаданың жеңімпаздары атанды:
9 сынып:
I орын – Мұқаш Гүлім Серікқызы, 101 мектеп-лицей
II орын – Орынбеков Адиль Адилбекович, Қарағанды қ. ММЛИ АТ
III орын – Рамазан Әділ Жадырабайұлы, Қарағанды қ. ММЛИ АТ
10 сынып:
I орын – Кенжегулова Ақбота Жасупанқызы, 101 мектеп-лицей
II орын – Дюсембаева Карина Тимуровна, КГУ «№97 гимназия»
III орын – Ошақбаева Аруна Алмасовна, 101 мектеп-лицей
11 сынып:
I орын – Мүрсәлім Бексұлтан Ержанұлы, 101 мектеп-лицей
II орын – Востриков Михаил Николаевич, КГУ «Шакарим атындағы гимназия»
III орын – Гончаров Никита Витальевич, КГУ «Шакарим атындағы гимназия»
11 сынып жеңімпаздарына 2022-2023 оқу жылында Қазтұтынуодығы Қарағанды университетіне түскен жағдайда жеңілдіктер сертификаттары тапсырылуда. Мектептердің қалған жеңімпаздары және олардың ұстаздары дипломмен және алғысхатпен марапатталады.
Жеңімпаздарды олимпиаданың сәтті өтуімен құттықтаймыз және оларға сәттілік тілейміз.

 

Математика Олимпиадасының нәтижелері Математика Олимпиадасының нәтижелері
Математика Олимпиадасының нәтижелері Математика Олимпиадасының нәтижелері
Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus