Дұрыс мамандық таңдау – болашақ кепілі!

Дұрыс мамандық таңдау – болашақ кепілі!2022 жылдың 31 қаңтарында кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында Приозерск қаласының №1-ші жалпы орта білім беретін мектебінің 11 сынып оқушыларымен онлайн кездесу өткізілді. Кездесуді «Менеджмент және инновациялар» кафедрасының меңгерушісі, PhD, доцент Салауатова Д.М., PhD, және доцент Орынбасарова Е.Д. ұйымдастырды және өткізді. Кездесуге 46 оқушы қатысты. Оларға университеттің негізгі бәсекелестік артықшылықтары, білім беру бағдарламалары, білім беру формалары туралы ақпарат берілді.
Кездесу барысында Жоғарға оқу орнын және мамандықты таңдау кезіндегі кездесетін мәселелер қарастырылды. Оқушылар біздің университетке деген қызығушылықтарын білдіріп, көптеген сұрақтар қойылды және көкейлерінде жүрген сауалдарына жауап алынды.

 Дұрыс мамандық таңдау – болашақ кепілі!

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus