"ЖОО үздік оқытушысы-2021"

"ЖОО үздік оқытушысы-2021"

Республикалық конкурстық комиссия отырысының қорытындысы бойынша тауартану және сертификаттау кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Есенбаева Гульмира Ахмадиевна "ЖОО үздік оқытушысы-2021" Республикалық конкурсының жеңімпазы атанды. Айта кетейік, Г.А. Есенбаева "жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағының екі дүркін иегері.
Байқау ҚР БҒМ ақпараттық жүйесінің базасында өтті, оның көмегімен қатысушылар барлық кезеңдердің ашықтығын бақылай алды. "ЖОО үздік оқытушысы-2021" конкурсына қатысу үшін өтінімдер мен құжаттар да электронды форматта қабылданды. Бұл байқауды өткізудің ашықтығын қамтамасыз етті. Комиссия құрамына ҮЕҰ, БАҚ, студенттік және жастар ұйымдарының, Қазақстандық ЖОО қауымдастықтарының өкілдері және білім беру саласындағы сарапшылар енгізілді.
Байқауға еліміздің 76 жоғары оқу орнынан барлығы 718 үміткер қатысты. Қазақстандық 45 ЖОО-ның 150 оқытушысы жеңімпаз атанды.
Гүлмира Ахмадиқызы Есенбаеваны лайықты марапатымен құттықтаймыз және шығармашылық табыс тілейміз!

 

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus